Халықаралық интеграция

Қазақстанда түрік компаниясы қатты пайдалы қазбалар кен орындарына барлау жүргізеді

"Yıldırım Holdings" A.Ş Түрік компаниясының Қазақстанға жұмыс сапарымен келуі аясында «Қазгеология» АҚ Басқарма Төрағасы Ғ.Нұржанов Холдингтің бас директоры Альп Малазгирт мырзамен кездесті, деп хабарлады ИДМ баспасөз қызметі.
Нұр-Сұлтан23 Тамыз , 16:39

Кездесудің күн тәртібінде барлау жұмыстарын бірлесіп атқару мәселесі талқыланды. Айталық, Қазақстан Республикасындағы қатты пайдалы қазбалар кен орынын барлау мен бағалау мәселелері әңгіме арқауына айналды. Сонымен қатар, бірлескен ынтымақтастық жобалар бойынша жұмыс кестесі мен жоспарлар да талқыланды.

2016 жылдың 22-25 тамыз аралығындағы сапар аясында Холдинг басшылығының «Қазгеология» АҚ геологтар тобымен Майлышат пен Қостанай алаңы учаскелеріне жұмыс сапары жоспарланған. Онда дала жағдайында геологиялық барлау жұмыстарының жоспарын айқындау көзделген.

"Yıldırım Holdings" A.Ş. – әлемдегі ең ірі хром рудасын өндіруші және феррорхром өндіруден үлкендігі жағынан екінші болып есептелетін өнеркәсіптік холдинг. Компания хром рудасын өндірумен және оны өңдеумен айналысады. Сондай-ақ, компанияның артықшылығы пайдалы қазбаны өндіру мен өңдеуде қоршаған ортаға кері әсер етпейтін жағдайда жұмыс істейді. 

 

 

 




Яндекс.Метрика