Жастарға үндеу

Мақсат Жабағин: Болашақтықтар сенімді ақтаулары тиіс

Болашақтықтар елдің сенімін ақтаулары керек, дейді бағдарлама түлегі, Назарбаев Университетінің Өмір туралы ғылым орталығының ғылыми кеңесшісі Мақсат Жабағин «strategy2050.kz» порталына берген сұхбатында.
Астана қаласы30 Қараша , 15:30

- Бағдарламаның сіз үшін маңызы қандай?

- Шыны керек, біздің тарих жолымызды жүріп өткен ел үшін осындай бағдарламаның қолға алынуы оңай емес, әрине. Халықтың түрлі таптарынан шыққан балаларға бірдей жағдай жасалып, шет елдің үздік оқу орындарында білім алу мүмкіндігін беру екі елдің бірінің қолынан келе беретін іс емес. Аталмыш стипендияға ие болған әр жастың мемлекетте демократия мен кісі құқының қаншалықты сақталатынына көз жеткізе түсері анық. Сол себепті болашақтықтардың бүгінгі көтерер жүгі ауыр.

- Байқауға қатысуға не түрткі болды?

- Мен экономкиалық факультетте оқығандықтан әлемдік инвестиция инновациялық ғылыми жобаларға тікелей ісер ететінін түсіндім. Сол себепті мамандығымды біржолата аударуға бел байладым. Осыған орай құжаттарымды енді жаратылсытану бағытындағы мамандықтарға өткіздім. Бұл Қазақстанның әлеуетін көтеретін бірден бір сала екені айдан анық. 

- Оқу барысында қандай кедергілерге тап болдыңыз?

- Жоғарыда айтқанымдай, мектептен кейін экономика саласын оқығандықтан жаңа мамандықтың түсінбейтін жерлері де аз болған жоқ. Алайда еңбек пен қажыр-қайраттың бағындыра алмайтын шыңы болмайды ғой, дегенмен бастапқыда көп қиналғаным жасырын емес.

- Оқудан кейін жұмыс жағы қалай болды?

- Генетика кафедрасында оқығанда мен этногенез тарихы жайлы көп сырға қанық болдым. Сосын оқуды бітіре салып бірден Назарбаев Университетінденгі осы орталыққа жұмысқа кірдім.  Қазір жұмыс істеп жатқаныма бір жарым жыл болды.

- Келешек болашақтықтарға не тілейіз?

- 20 жыл бұрын Елбасы осы бағдарламаны қолға алғаны белгілі. Осы орайда он мыңдаған жастар шет елде оқуға мүмкіндік алды. Енді олардың міндеті елдің сенімін ақтап, қазақстандықтардыың игілігіне жұмыс істеу. Мен болашақтықтарға үлкен жетістік тілеймін, олар біздің Отанымызға керек екендерін ұмытпаулары керек.




Яндекс.Метрика