Білім беру

Астанада білім беру ұйымдарында жас мамандардың саны артуда

Қазіргі кезде елорданың білім беру мекемелерінде 13 760 педагог жұмыс істеп жатыр. Жыл сайын өзінің кәсіби біліктілігін арттыратын мұғалімдер саны артып келеді, деп хабарлады қала әкімдігінің ресми сайты.
Нұр-Сұлтан23 Тамыз , 17:41

«Бүгінде қалалық мектептерде бірінші және жоғары санаттағы 6239 педагог еңбек етіп жүр, былтыр бұл көрсеткіш 5944 болған.Білім саласында қызмет ететін жас мамандар саны жыл өткен сайын ұлғайып келеді. Қазіргі кезде бұл көрсеткіш 15% құрап отыр. Мектепке дейінгі білім беру ұйымдарында 3661 педагог жұмыс істейді», - делінген хабарламада.

Астаналық колледждерде 1774 инженерлік-педагогика қызметкері балаларға сабақ береді. Соның ішінде 913-і мемлекеттік, 861-і жеке меншікті колледжде істейді. Техникалық және кәсіптік білім беруде кадрлар 100% жасақталған.

Колледждерде дуальді білім беруге баса назар аударылады. Бүгінде бұл үрдіске 21 мамандық бойынша 18 колледж бен 44 кәсіпорын тартылған, мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша оқып жатқан 1464 студент қамтылған.

Елордалық 9 колледжде эксперименталды оқу жоспарлары әзірленді, олардың өндірістік оқыту үлесі 60% дейін, ал теориялық - 40% дейін, 2016 жылдың қыркүйегінен бастап тәжірибе 10 оқу орнында қолға алынбақ. Үстіміздегі жылдың қараша айында гуманитарлық, медициналық колледждерде және «Даналық» медициналық-фармацевтикалық колледжде дуальді білім беруді енгізу көзделген. 

 

 




Яндекс.Метрика