Адами капитал

Сарапшылар Қазақстандағы құқыққорғаушыларды қорғау ұлттық механизмін орындау мәселелерін талқылады

Астанада «Қадір-қасиет» қоғамдық ұйымының қатысуымен ҚР Президенті жанындағы адам құқығы туралы комиссиямен ынтымақтастығы , Нидерланд Королдігі, Фридрих Эбарт атындағы қор, Сорос-Қазақстан қорының қолдауымен отандық сарапшылар Қазақстандағы құқыққорғаушыларды қорғау ұлттық механизмінің орындалуын талқылады.
Нұр-Сұлтан23 Тамыз , 14:56

Конференцияның негізгі мақсаты тәртіптер мен қызметтер туралы пікірталастарды ұйымдастыру болып табылады.

«Шараның басты идеясы ашық талқылауға шақыру, ұлттық механизм бойынша білім беру  және белсенділер мен құқыққорғаушыларды қорғауды жүзеге асыру болып табылады. Ондай механизмдер әлемде бар:  Латын Америка елдері,  аталмыш заң аясында Африканың бірқатары елі, Еуразия контентінде Қазақстан  аталмыш сұрақтар талқыланып отырған алқашқы мемлекет болып отыр», - деді «Қадір-қасиет» қоғамдық ұйымының директоры Анара Ибраева.

Сарапшы айтып өткендей, елдің заңнамасы аталмыш қаржыландыру бойынша негізделе алушы еді.

«Мемлекеттік-әлеуметтік тапсырма түсінігі бар, оның аясында  сәйкес қаржы бөліп  аталмыш бастаманы жүзеге асыруға болады», - деді ол.

Өз кезегінде,  «Адам құқығы»  Сорос-Қазақстан қоры  бағдарламасының үйлестірушісі Айжан Ошақбаева  құқыққорғаушылар  адам құқығын қорғауда негізгі рөлді атқарады. Олардың жұмыстары қауіп-қатермен тікелей байланысты.

«Соңғы жылдардағы  мониторинг оқиғаларын қарастыратын болсақ, құқыққорғаушылардың қауіпсіздігіне зиян келтіретін белсенділер табылып жатыр. Бұл құқыққорғаушыларды жергілікті және ауқымды дәрежеде қорғау керектігін түсіндіреді», - деді ол.

Айта кетерлігі,  БАҚ мониторингі  көрсеткендей, Қазақстанда  2015 жылдың қазанынан бастап 2016 жылдың шілдесіне дейін 247 құқыққорғаушы мен белсенділер, 39 заңды тұлғаға қауіп төнді. 

Индира Кауметова




Яндекс.Метрика