Басқару

Премьер-Министр полиция даярлау және техникалық жабдықтау деңгейін тексерді

ҚР Премьер-Министрі Кәрім Мәсімов Жамбыл облысына жұмыс сапары аясында Тараз қаласында жергілікті полиция қызметінің базасына барды, деп хабарлады ресми сайт.
Жамбыл23 Тамыз , 15:17

Тараз қаласында облыстық ІІД ғимаратының алаңқайында Премьер-Министрді Жамбыл полициясының бүкіл құрамы күтіп алды. Жергілікті облыстық полиция қызметінің басшысы, полиция полковнигі Б.Бейсеевтің мәлімдеуінше, ІІД қызметкерлері негізінен құқық бұзушылық пен қылмысқа басты назарын аударады. ІІД штаттық саны облыстық бөлімшесінде 1280 адам қызмет етеді. Бұған учаскелік полиция инспекторлары, учаске көмекшілері, кәмелетке толмағандар жұмысы бойынша инспекторлары, жол-патрульдік полициясы кіреді.

Қазақстанда жергілікті полиция қызметі 2016 жылдың 1 қаңтарынан бастап жұмыс істей бастады. Жергілікті полиция міндетіне құқық бұзушылықтан бөлек қоғамдық тәртіпті қорғау, жол қозғалысының қауіпсіздігін қамтамасыз ету, қылмыстық құқық бұзушылықтарды ескерту және алдын алу, әкiмшiлiк құқық бұзушылық бойынша iс жүргiзу және сотқа дейінгі қылмыстық құқық бұзушылықты тексеру.

 

 

 




Яндекс.Метрика