Басқару

Кәрім Мәсімов мұнай-химия өнеркәсібін дамыту мәселелері бойынша кеңес өткізді

ҚР Премьер-Министрі Кәрім Мәсімов Жамбыл облысына жұмыс сапары аясында мұнай-химия саласын дамыту мәселелері бойынша көшпелі кеңес өткізді. Мұнай-химия өнеркәсібі 2015-2019 жылдарға арналған индустриялық бағдарламаның басымдықтарының бірі болып есептеледі, деп хабарлады ресми сайт.
Жамбыл23 Тамыз , 13:32

Инвестициялар және даму вице-министрі Т. Тоқтабаевтың айтуынша, Индустрияландырудың бірінші бесжылдығының нәтижесінде химия өнеркәсібінде өндіріс көлемі 32%-ға өсті. Осы уақыт аралығында 39 жаңа өндіріс пайдалануға беріліп, 4 мыңнан астам жұмыс орны құрылды.

2015 жылы 2008 жылмен салыстырғанда отандық фосфат тыңайтқыштар отандық өндірістің үлесі 81%-дан 99,9%-ға дейін, күкірт қышқылы 91%-дан 97,7%-ға дейін, лактар мен бояулар 60,5%-ға дейін, азот минералды тыңайтқыштар 62,8%-ға дейін өсті. 2016 жылдың бірінші жарты жылдық көрсеткіші өткен жылдың деңгейінде тұр.

Кеңес барысында саланы одан әрі дамыту өнімдерді экспорттайтын әрі импортты алмастыратын агрохимия секторына тікелей байланысты. Қазіргі таңда «Қазфосфат» ЖШС және «Еврохим-Тыңайтқыш» ЖШС үшін кешенді тыңайтқыштар өндіру, «Батыс калий» ЖШС үшін калий тыңайтқыштарын өндіру, сондай-ақ «ХимпаркТараз» АЭА үшін глифосат өндіру жөнінде ірі жобаларды жүзеге асыру жұмыстары жүргізіліп жатыр. Олардың үшеуі Жамбыл облысында орналасқан. Секторда барлық инвестициялық жобаларды жүзеге асыру кезінде жалпы инвестицияның көлемі 703 млрд теңгені құрады.

Сонымен қатар, төрт ірі химия өнеркәсібінің басшылары Қазақстанның барлық химия өнеркәсібіне тән бірқатар мәселені алға тартты. Атап айтқанда, әлемдік нарықтағы экономикалық жағдайға байланысты отандық өнімдерге деген сұраныс азайған. Қазіргі таңда компаниялар химиялық өнімдерді Ресейге, Қытайға, Украинаға, Грузияға, Түркіменстанға, Эстонияға және өзге де елдерге экспорттайды.

Химия өнеркәсібі өкілдері салық және тарифтік саясат, қоршаған ортаны қорғау заңнамасына өзгерістер енгізу, субсидиялар төлеу және инфрақұрылымдық құрылыс жөніндегі мәселелерді көтерді.

Өнеркәсіп мәселелерін «Қазфосфат» ЖШС директоры М.Ескендіров, «ҚазАзот» ЖШС директоры К.Орақов, «Еуро-Хим Қаратау» ЖШС директоры Д.Валышев, «Каустик» АҚ кеңесінің төрағасы Е. Орынбеков өз мәлімдемелерінде қозғады.

Кеңес барысында айтылған мәселелерге байланысты энергетика министрі Қ. Бозымбаев, Инвестициялар және даму вице-министрі Т. Тоқтабаев, ұлттық экономика вице-министрі М. Құсайынов, қаржы вице-министрі А. Теңгебаев, ауыл шаруашылығы вице-министрі Қ. Айтуғанов, «Самұрық-Қазына» АҚ бірлескен басқарушы директоры Е.Тұтқышев, «Бәйтерек» АҚ директоры Қ.Өскенбаев өз пікірін білдірді.

Кеңеске қатысқандардың пікірін тыңдаған Премьер-Министр жұмыс тобын құруды, қолданыстағы салалық проблемаларды жинақтауды және қорытындылауды, оның шешім жолдарын ұсынуды тапсырды.
Құрылған жұмыс тобының қорытындысына байланысты қазан айының басында Үкіметте отырыс өтеді.

 

 

 




Яндекс.Метрика