Жалпыға бірдей еңбек қоғамы

Биыл Шығыс Қазақстан облысында «ЖҚЖК 2020» бағдарламасы шеңберінде 252 әлеуметтік нысан жөнделеді

2016 жылы Шығыс Қазақстан облысында «Жұмыспен қамтудың 2020 жол картасы» бағдарламасының жұмыспен қамтуды, инфрақұрылымды және тұрмыстық-коммуналдық шаруашылықты дамыту арқылы қарастыратын бірінші бағытын іске асыруға республикалық бюджеттен 3,1 млрд. теңге бөлінді, деп хабарлады ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің баспасөз қызметі.
Шығыс Қазақстан23 Тамыз , 15:38

Осы қаражат есебінен 252 инфрақұрылымдық нысанды іске асыру жоспарлануда, оның 43-де күрделі жөндеу, 209-да ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізіледі.

Жөнделетін ғимараттардың 152 – білім беру, 78 – денсаулық сақтау, 2 – мәдениет саласы, 2 – спорт, 8 – транспорттық инфрақұрылым, 10 – коммуналдық-инженерлік инфрақұрылым нысаны болып табылады.

Инфрақұрылымдық жобалардың іске асырылуы 1 мың 485 жұмыс орнын құруға мүмкіндік береді, оның ішінде 792 адам жұмыспен қамту орталықтары арқылы орналастырылады.

Бүгінгі күні 60 жобаның іске асырылуы басталды, оның шеңберінде 400 адам жұмысқа тұрды, олардың ішіндегі 227 адам - «ЖҚЖК 2020» бағдарламасына қатысушылар.

2015 жылы «ЖҚЖК 2020» бағдарламасының бірінші бағытын іске асыруға 13,7 млрд. теңге бөлінгенін, жалпы республика бойынша 588 инфрақұрылымдық жобалар жүзеге асырылып, 8,6 мың адам жұмысқа орналастырылғанын естеріңізге саламыз. 2016 жылы «ЖҚЖК 2020» бағдарламасының бірінші бағытын іске асыруға 80,1 млрд. теңге бөлінді. Бұл қаражат жобалардың саны ескеріле отырып, жергілікті атқарушы органдардың тапсырыстары негізінде өңірлер арасында бөлінеді. 

 




Яндекс.Метрика