Өңірлер

Ауыл шаруашылығы кооперативтерінің құрылуы арқылы бірқатар мәселелер шешіледі

Ауыл шаруашылығы кооперативтерінің құрылуы арқылы бірқатар мәселелер шешіледі, деп хабарлады АШМ.
Казахстан23 Тамыз , 12:28

Қазіргі таңда ауыл шаруашылығы өнімдерінің өндірісі мен өткізуіндегі қызметті орталықтан ұйымдастыру үшін сүт қабылдау пунктерін, мал бордақылау алаңдарын құру арқылы жеке қосалқы шаруашылықтарды ауыл шаруашылығы кооперативтеріне біріктіру басты міндет.

«Құрылған ауыл шаруашылығы кооперативтеріне қосымша жүн мен тері, бал шаруашылығымен, құс шаруашылығымен, тауарлы балық шаруашылығымен айналысуына болады. Осылайша қайта өңдеу қуаттылықтарын жүктеу, тұрғындарды жұмыспен қамту, қайта өңдеу өнімдерінің жалпы өндірісін арттыру, өнімдердің импортын алмастыру мәселелерін шешуге болады», - делінген хабарламада.

Айта кетейік, ағымдағы жылдың басынан бастап «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» арқылы ел аумағындағы жеке қосалқы шаруашылықтар базасында ұсақ тауарлы өндірісті дамытуға 10,8 млрд. теңге көлемінде қаражат бөлінген. Қаржыландырылған өтінімдердің саны 4,4 мыңға жуық.

 




Яндекс.Метрика