Ауыл шаруашылығын жаңғырту

Қостанай облысы елдегі аграрлық өндіріс пен ауыл шаруашылығы өнімдерін өңдеудің ірі орталығы рөлін сақтайды

Бүгін Қазақстан Республикасы Өңірлік даму министрлігі және «Қазақ құрылыс және сәулет ғылыми-зерттеу және жобалау институты» АҚ Астанадағы филиалының өкілдері Қазақстан Республикасының аумағын ұйымдастырудың бас схемасының негізгі ережелері жобасын талқылау және келісу мақсатында Қостанай облысында болды.
Қостанай30 Тамыз , 00:00

Республика және Қостанай облысы бойынша жобалық шешімдерді Қазақстан Республикасы Өңірлік даму министрлігі Сәулет, қала құрылысы және құрылыс департаментінің директоры Салауат Дембай және «ҚазҚСҒЗИ» АҚ Астанадағы филиалы директорының орынбасары Аманжол Чиканаев таныстырып өтті.

Бас схема деректерін талдау бойынша Қостанай облысы елдің индустриалды-аграрлық өңірі болып табылады, ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіру үлесі бойынша республикада  1 орынды (17,1%)  және өнеркәсіп өнімдерінің үлесі бойынша 9-шы орынды иеленеді (3,5%). Өңірдің ЖЕК құрылымында ауыл шаруашылығының үлес салмағы 20,7%, ал өнеркәсіп – 27,3 % құрайды.

Қазақстан Республикасының үдемелі индустриялық-инновациялық дамуының 2010-2014 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы (ГПФИИР) аясында 2010-2020 жылдар аралығында Қостанай облысында 96 жобаны іске асыру шеңберінде жаңа жұмыс орындарының саны 6484 адамды құрайды, бұл өз кезегінде жұмыссыздық деңгейін төмендетуге септігін тигізбек.

Облыс республиканың темір рудасы мен боксит базасының бірегей ошағы болып табылады. Өңірде Қазақстан Республикасының жалпы баланыстық қорларынан темір кенінің 92,6 % қоры (әлемдік қордың 4 пайызы), бокситтардың – 98,2% , 81,2% – кобальт, 51,6 % – никель, 4,6% – титан, 3,1% – алтын бар. Кен орындары рудалары кешенді болып келеді және бағалы сирек металлдардың бірқатарын қамтиды (қорғасын, иттрий, мыс, мырыш, кадмий, алтын, күміс және басқалар).

Бас схема шеңберінде қоңыр көмір кен орнының базасында Құсмұрын ЖЭС салу ұсынылып отыр. Құсмұрын ЖЭС қуаты мен облыстағы темір, боксит рудалары ресурстарын ескере отырып, Қостанай облысында жоғары қосылған құны бар 3 шек өнімін шығаратын тау-металлургиялық кешенінқұру мүмкін деп санаймыз, деді «ҚазҚСҒЗИ» АҚ Астанадағы филиалы директорының орынбасары А.Чиканаев.

Сондай-ақ, Бас схема шеңберінде Қостанай облысында орналасқан мұнай-газды аудандарда геологиялық барлау жұмыстарын жүргізудің перспективалық бағыттары анықталған.

Келешекте, минералды шикізат қорларының сарқылуын ескере отырып, тау-кен саласы жұмысшыларының еңбекпен қамтылуын қамтамасыз ету үшін, жұтаң кендерді, Арқалық, Жетіғара, Соколов-Сарыбай және Рудненск карьерлерінің үйінділер мен қалдықтарын қайта өңдеу есебінен өңірдің тау-кен саласын дамыту ұсынылады.

«ҚазҚСҒЗИ» АҚ Астанадағы филиалы директорының орынбасары А.Чиканаев облысты дамыту перспективалары туралы айта отырып, өңір елдегі ірі тауарлы, жоғары тетікті өндіріске негізделген аграрлық өндіріс пен ауыл шаруашылығы өнімдерін өңдеудің ірі орталығы рөлін сақтап қалатынын атап өтті.

Сондай-ақ, спикер облыстың оңтүстік өңірлері (Арқалық қаласы, Амангелді және Жангелді аудандары) жел электр станциялары құрылыстары үшін үлкен жел энергетикалық мүмкіндікке ие екенін атап өтті.

Қостанай облысындағы табиғи газбен қамтылған елді мекендерінде ОҚО-дағы «Асар» кентінің үлгісіндегі отбасылық жылыжайлық көкөніс өнімі шаруашылығын дамытуға болады деп санаймыз,  деді ол.

Қостанай облысының көлік инфрақұрылымын дамыту шеңберінде 2020 жылға қарай «Астана – Қостанай – Ресей Федерациясының шекарасы – Челябинск» және 2030 жылға қарай «Торғай – Адаевка» және «Торғай – Ақтөбе облысы шекарасы (Қарабұтақ)» автомобиль жолдарын салу және қайта жаңарту ұсынылып отыр.

Сондай-ақ, жобалаудың есептік мерзімінде Қостанай облысы бөлігіндегі «Ақтау –Бейнеу – Шалқар – Торғай – Арқалык – Астана» теміржол тармағын салу ұсынылады.

Әуе көлігін 2020 жылға дейінгі дамытуда Қостанай қаласындағы әуежайды ИКАО халықаралық санатын қайта жаңарту және көшіру қарастырылуда.

Өңірлерді дамыту шеңберінде балама көлік қатынастары жоқ, оралықтан қашықтағы аумақтарға қызмет көрсетуге арналған жергілікті аэродромдар желісін дамытуды, топырақтық ұшу-қону жолақтары мен аэродромдық алаңдарды салу, қайта қалпына келтіруді қоса, жеңіл әуе кемелері мен тікұшақтарды (Буревестник, Торғай, Амангелді және Арқалық) жыл бойы қабылдау-жіберу үшін оларды ұстап тұруды ұсынамыз.

Жобалық шешім бойынша 2020 жылға дейін Қостанай облысында Рамсар тізіміндегі (Қойбағар –Түнтүйір және Құлыкөл – Талдыкөл көлдер жүйесі) 2 сулы-батпақты алқапты ЕҚТА (ерекше қорғалатын табиғи аумақтар) жүйесіне енгізу жоспарлануда.

Сондай-ақ, Бас схема жаңа табиғи резерваттар мен қорықшалар құру жөнінде жобалық ұсыныстар әзірледі. Атап айтқанда, 2030 жылға қарай Рамсар тізіміне Бозшакөл көлінің сулы-батпақты алқабын енгізу, «Торғай қолатының аралдық шоқормандары» мемлекеттік табиғи резерватын, өңірлік маңызы бар «Қызбел-Тау», «Қарағаш-Құсмұрын шатқалы», «Жұрнақты жапырақты-қайыңды қалың орман», «Тасты көл», «Түнтүйір-Жаншұра» мемлекеттік табиғи қорықшаларын құру жоспарланған.

2020 жылға дейін «Ырғыз-Торғай-Жыланшық» («Алтын Дала» МТР мен «Ырғыз-Тоғай» МТР арасында) экологиялық дәлізін құру, Астана –Шалқар-Санғырлау бағытында Қостанай облысы шекарасынан Арқалық қ.-Торғай а. – Ашығанақ кенті бөлігінде, 2030 жылға дейін – Қызылорда қаласынан Торғай кентіне (Қостанай облысы) дейінгі тасжолдың 80-км-нан бастап Қызылорда-Торғай тасжолында бөкендердің қоныс аударуына арналған экодуктар салу (жануарлардың қоныс аудару бағыттарын авто және темір жолдар арқылы инженерлік қамтамасыз ету).

Облыстағы балама энергетиканы дамыту үшін жел, күн және геотермалдық энергетиканың мүмкіндігін пайдалануды арттыру көзделуде.

Жалпы, өңір және ел бойынша жобалық ұсыныстарды облыс белсенділері мақұлдады. Бұл Қазақстан Республикасы Өңірлік даму министрлігі өткізген 10-кездесу екенін атап өту қажет.  24 маусымға дейін мұндай талқылаулар барлық облыстарда өткізіледі.




Яндекс.Метрика