Энергияның балама көздерін дамыту

К.Мәсімов Жамбыл облысында баламалы энергетика әлеуетін бағалады

ҚР Премьер-Министрі Кәрім Мәсімов Жамбыл облысы Жуалы ауданында орналасқан еліміздегі ең ірі күн электр станциясына барды, деп хабарлады ҚР Премьер-Министрінің ресми сайты.
Жамбыл23 Тамыз , 10:24

 «BurnoyeSolar-1» ЖШС күн электр станциясы 2015 жылы шілде айында Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың қатысуымен өткен жалпы ұлттық телекөпір барысында іске қосылды. Тек өткен жылы ғана компания 38,4 миллион киловатт-сағат астам электр энергиясын өндірген, бұл айтарлықтай аймақтағы энергоресурс тапшылығын азайтуға мүмкіндік берді. Баламалы энергия көздері саласындағы инновациялық жоба «ЭКСПО-2017» халықаралық көрмесінде таныстырылатын болады.

Премьер-Министрге «BurnoyeSolar-1» ЖШС директоры Н.Қапеновтің айтуынша, аталған жоба Индустрияландыру картасының екінші бесжылдығына енгізілген және Қазақстанда жаңартылған энергия көздерін дамыту аясында жүзеге асырылып жатыр. Электр станциясы аумағында 192 мың күн панелі орнатылған, олар орташа есеппен жылына 73 млн киловатт-сағат өндіру есептелген. 2016 жылдың алғашқы тоқсанында күн электр станциясы 20 млн кВт/сағ жинаған.

Жамбыл облысында баламалы энергия көздерін шығаратын жалпы саны 9 жоба жұмыс істеп тұр: төрт ГЭС, жалпы қуаты 114,05 МВт құрайтын үш жел және екі күн электр станциясы. 2016 жылдың алғашқы 6 айында барлығы 104,08 млн кВт-сағ өндірілді.

Жамбыл облысы әкімінің орынбасары Т. Жанкенің мәлімдемесі бойынша, облыста электрмен жабдықтау проблемасы әлі күнге дейін өзекті болып тұр, себебі электр энергиясының шамамен 70% сырттан сатып алынады. Қордай ауданы үшін электр энергиясын әлі күнге дейін көршілес Қырғызстаннан сатып алып отыр.

2017 жылдан 2020 жылға дейінгі кезеңде тағы гидро-, жел- және жалпы қуаты 247 МВт құрайтын 6 инновациялық жоба жүзеге асырылу жоспарланып отыр.

Жалпы қуаты 210 МВт құрайтын жел электр станциясын Жуалы және Шу аудандарында, 24 МВт құрайтын СЭС Рысқұл ауданында, 18 МВт құрайтын ГЭС Мерке ауданында салу жоспарланып отыр. Жобалар «Тараз» ӘКК» ҰК», «Самұрық-Қазына» ЖШС және «United GreenEnergyLimited» (Ұлыбритания) қатысуымен мемлекеттік-жеке меншік әріптестік қағидаты бойынша жүзеге асырылуда.

Болжам бойынша, 2020 жылға қарай елімізде жалпы энергетика балансында ЖЭК үлесі 3%-ға жетеді. Жамбыл облысында «жасыл» энергетика есебінен өңірдің электр энергиясына сұранысы 50%-ға дейін қамтамасыз етіледі.

 




Яндекс.Метрика