Өңірлер

Ақмола облысында спорт алаңдарының құрылысы қарқынды дамуда

Биылғы жылдың қарашасында Ақмола облысының Степногорск қаласында футбол-хоккей алаңы мен баскетбол-волейбол алаңы пайдалануға беріледі.
Ақмола23 Тамыз , 11:04

Ішкі саясат басқармасының мәліметінше, көпфункционалды спорт алаңының құрылысы жүруде, оның құрамына футбол-хоккей алаңы, баскетбол-волейбол алаңы мен спорт тренажеры, гимнастика, аэробика алаңдары бар. Биылғы жылдың қарашасында футбол-хоккей алаңы мен баскетбол-волейбол алаңын пайдалануға беру қарастырылған.

Сондай-ақ, бір жылда 20 медицина маманы тартылды: оталық қалалық аурухана – 7, емханаға-13. Сондай-ақ, өткен жылы Степногорск қаласында жеті абитуриент  медициналық мекемеге оқуға түсті, оның оқу ақысын  «МЖӘ» мемлекеттік бағдарламасы аясында төленіп жатыр.

Мәлімет бойынша, биыл аталмыш тәжірибе жалғасты. Басшылық ірі өндірістік кәсіпорындар басшылығымен келісім жүргізуде. Оған қоса, тағы үш студент ЖОО-ға мемлекеттік грантты ұтып алып түсті. Тағы бір студент жергілікті бюджет атынан оқытылып жатыр.

 




Яндекс.Метрика