Басқару

Шымкент МӨЗ 2016 жылы 22 млрд теңгенің өнімін өндірді

Оңтүстік Қазақстан облысына жұмыс сапары аясында Кәрім Мәсімов «ПетроҚазақстан Ойл Продактс» ЖШС-не барды, деп хабарлады ресми сайт.
Южно-Казахстанская область 23 Тамыз, 09:46

Қазақстанның мұнай өңдеу зауыттарын жаңғыртудың үкіметтік бағдарламасына енген ауқымды жобаны жүзеге асыру барысы туралы Премьер-Министрге кәсіпорын президенті Ц. Ши мен бірінші вице-президенті А. Тұрысбеков баяндады.

«Шымкент мұнай өңдеу зауытын жаңғырту және жөндеу» жобасы 2011 жылы басталды, барлық жұмыстарды 2017 жылдың соңында аяқтау жоспарланған.

2016 жылдың қаңтар-мамырында ШМӨЗ өндірген өнім көлемі ақшалай мәнде 22 млрд теңгеден асты. Жаңғыртудан кейін К5 экологиялық кластың (ЕАЭО елдеріндегі Еуро-5 баламасы) талаптарына сәйкес зауыт жоғары октанды бензин шығарады. Зауыттағы өңдеу қуаттылығы 90%-ға дейін тазарту тереңдігімен шикі мұнай 5,2-ден 6 млн тоннаға дейін өседі деп күтілуде.

Бүгінгі таңда Қазақстанда үш МӨЗ - Павлодар, Атырау және Оңтүстік Қазақстан облыстарында жұмыс жасайды. Дегенмен, ішкі нарықтың сұранысын олар қамти алмайды.

Отандық отын-энергетикалық нарықты дамыту мәселелеріне Үкімет Елбасының тапсырмасы бойынша ерекше көңіл бөледі. Өңірлерге жұмыс сапары барысында Премьер-Министр Павлодардағы және Атыраудағы МӨЗ-на барып, Қазақстан үшін маңызды өндірісті жаңғырту және жөндеу барысымен танысты. Бұдан өзге, Атырауда Кәрім Мәсімов отандық мұнай сервисінің өзекті мәселелері бойынша кеңес өткізді. Кеңес қорытындысы бойынша Премьер-Министр екі жұмыс тобын құруды тапсырды, олар бір айлық мерзімде өзекті мәселелерді жинақтап, оларды шешудің нақты ұсыныстарын әзірлеулері тиіс.  

Қазақстанның барлық үш МӨЗ-ын жаңғырту 2018 жылға қарай ҚР автокөлік отыны нарығында импорт алмастыруды қамтамасыз етеді.

 





Яндекс.Метрика