Өңірлердегі әлеуметтік теңгерімсіздіктер проблемасын шешу

ШҚО тұрғындарына баспана кілттері табысталды

Шығыс Қазақстан облысының 12 отбасына Өскемен қаласының 28 шағын ауданы-Шығыс ауылының пәтер кілттері табысталды, деп ШҚО ақпараттық орталығы хабарлады.
Шығыс Қазақстан 30 Қараша, 14:30

«Жалпы ауылда 114 жеке үй салынды, ол «ЖҚЖК-2020» бағдарламасының 3-ші бағыты бойынша жүзеге асқан болатын. Қуанышты шара ҚР Тұңғыш Президентінің Күні қарсаңында жүзеге асты», - делінген хабарламада.

Облыс пен Өскемен қаласының 5 ауданының тұрғындары көші-қоннан жүрексініп бағдарламаның қатысушылары атанды. 9 отбасы Зайсан ауданынан, 35- Тарбағатай, 22 Күршім, 11 – Ұлан, 2- Аягөз бен 35 отбасы Өскеменнен келді.

ШҚО әкімі Бердібек Сапарбаев салтанатты шарада ел тәуелсіздігінің арқасында осындай бағдарламалар жүзеге асып жатқанын атап өтті.

«Бұрын «ЖҚЖК-2020» бағдарламасы тек жұмыспен ғана қамтитын, қазір ол арқылы баспанаға да ие болуға мүмкіндік бар»,- деді ол.

Ауыл қарқынды даму үстінде, 605 үй тұрғызылды. 280 орындық балабақша мен 600 орындық мектеп те ашылды. 





Яндекс.Метрика