Жаңа қазақстандық патриотизм

Теміртауда ҚР Тұңғыш Президентінің Күні қарсаңында форум өтті

Мемлекет басшысының еңбек отанында, Теміртау қаласында ҚР Тұңғыш Президентінің Күні қарсаңында форум өтті, деп BNews.kz. хабарлады.
Қарағанды30 Қараша , 14:15

«Форумға Елбасының Теміртауда бірге қызмет еткен замандастары келді. Сондай-ақ, этномәдени ұйым өкілдері, қала мен аудан делегаттары, еңбек және отан соғысынң ардагерлері қатысты», - деп хабарламада нақтыланған.

«Бүгін әрбір қазақстандық елдің қалыптасу тарихы Нұрсұлтан Назарбаевпен тікелей байланысты екенін мәртебемен айтады. Сонықтан да күнтізбеде барлығына ортақ Тұңғыш Президент Күні мерекесі пайда болғаны өте орынды». – деді облыс әкімі Бауыржан Әбдішев.

Форум қатысушыларына Президенттің Қарағанды облысына келгендегі сапарларының бейнебаяндары көрсетілді.

Шарада Президенттің замандасы, Қарағанды металлургиялық комбинаттың ардагері Ермек Тілеубаев және  кеншілер, металлургтер, агроөндіріс кешендерінің қызметкерлері, елорданың құрдастары сөз сөйледі. 




Яндекс.Метрика