Басқару

К. Мәсімов Түркістандағы туристік саланың әлеуетіне баға берді

Оңтүстік Қазақстан облысына жұмыс сапары аясында ҚР Премьер-Министрі өңірдің тарихи-мәдени нысандарының жағдайымен танысты, деп хабарлады Премьер-Министрдің ресми сайты.
Оңтүстік Қазақстан22 Тамыз , 16:17

Түркістан Қазақстанның мәдени астанасы болып саналады. Өткен жылы бұл өңірге бір миллионнан астам турист келді. Қазір ОҚО-да Түркістандағы тарихи-мәдени орталықпен бірге туризмді дамыту бойынша жаңа жоба белсенді жүзеге асырылып жатыр. Осы мақсаттарда ҚР Президентінің тапсырмаларына сәйкес «Мәдени мұра» «Көне Түркістан» тұжырымдамасын әзірлеп, қабылдады. Осы тұжырымдама аясында Қожа Ахмет Яссауи кесенесінің аумағында реставрациялау-консервациялау жұмыстарын жүргізу жоспарланған. Кесененің қорғалатын аймағында орналасқан үйлер туристік сервис және қызмет көрсетуге пайдаланылады. Тұржырымдама үш кезеңге есептелген. 

Қожа Ахмет Яссауи кесенесі Түркістан қаласындағы «Әзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-мұражайы аумағында орналасқан.

Кешен директоры Жандос Әубәкір нысан ЮНЕСКО-ның Дүниежүзілік мәдени мұра тізіміне енетінін және Қазақстан тарихында сәулеттің көрнекті ескерткіші, Түркістанның негізгі мәдени орындарының бірі саналатынын атап өтті.

Арыстан баб кесенесі аумағында орналасқан Отырар мемлекеттік археологиялық қорық-мұражайында жалпы саны 23 мың жәдігер бар, оның ішінде ғылыми кітапхана бар.

Кешен директоры Айбек Жандосовтың айтуынша, мұражай қазба жұмыстары кезінде табылған ертеде өңірдің экономикалық және сауда орталығына айналған – Отырар қаласының тарихи ескерткіштерінің негізгі ғылыми-зерттеу орталығына және археологиялық қазына қоймасына айналды.

Бірегей кешеннің құрамына республикалық маңызы бар 4 археологиялық ескерткіш және жергілікті маңызы бар 216 ескерткіш кіреді, оның қатарында Отырар оазисінің ежелгі қалалары бар.

 

 

 

 




Яндекс.Метрика