Өңірлер

Қазақстанда 668 сүт қабылдау пункті құрылады

Сүт зауыттарының қуаттылықтарының жүктемелігін қамтамасыз ету үшін алдағы уақытта 668 сүт қабылдау пунктін құру жоспарланған, деп хабарлады АШМ.
Казахстан22 Тамыз , 16:58

Келтірілген деректерге қарағанда, 2016 жылы – 147 бірлік., 2017 жылы – 267 бірлік, 2018 жылы – 254 бірлік сүт қабылдау пунктін құру көзделуде.

«Құрылатын пункттердің жалпы жылдық қуаттылығы 380 мың тонна. Сонымен қатар, логистикамен қамтамасыз ету үшін 167 сүт таситын автомашина сатып жоспарлануда. Яғни, 4 сүт қабылдау пунктіне 1 сүт таситын автомашина қарастырылады», - делінген хабарламада.

Айта кетейік, қазіргі таңда ҚР АШМ тарапынан ауыл тұрғындарын жұмыспен қамтамасыз ету және АӨК өнімдері өндірісінің көлемдерін жеке қосалқы шаруашылықтарды пайдалану арқылы арттыру бойынша шаралар қолға алынуда.

 

 




Яндекс.Метрика