Табиғи ресурстарды басқарудың жаңа жүйесі

Жел энергиясы қазақстандық нарықта өз орнын алуы мүмкін

Қазақстан мен Ұлыбритания ғалымдары Назарбаев университетінде жасыл экономиканы «Өзара байланысу. Энергия-өндіріс-Су: Қазақстан мен Ұлыбританияда жасыл экономикаға өту бойынша бірлескен әдіс» семинары аясында өз жобаларын таныстыруда. Ғалымдар аталмыш тақырып бойынша әдістерді әзірлеп, үкіметке бағыттап жатыр.
Нұр-Сұлтан22 Тамыз , 12:51

21-23 тамыз аралығында Назарбаев Университетінде Өзара байланысу. Энергия-өндіріс-Су: Қазақстан мен Ұлыбританияда жасыл экономикаға өту бойынша бірлескен әдіс» семинары өтуде. Шараны ұйымдастыруға бастама білдірген Назарбаев Университеті мен Шеффилда Университеті. Семинар «Ньютон-Әл-Фараби» серіктестік бағдарламасы аясында жүзеге асырылып жатыр.

«Біз семинарды Шеффилд университетімен бірлесіп жүргізіп жатырмыз. Ол энергетикалық, өндірістік және су секторы саласын жасыл экономикаға өту деңгейінде қарастырылады. Ғалымдар өз университеттерінде айналысатын зерттеулерін таныстырады. Семинарға Қазақстан мен Ұлыбританияның   50 ғалымы, Кембридж, Абердина, Бас, Шеффилд. Қазақстандық ЖОО- ҚазҰЗУ, нархоз, КБТу және тағы басқалары бар. Семинар аясында қатысушылар бағыттар бойынша жұмыс тобы құрылады: климаттық өзгеру, барлығына арналған энергетика, су ресурстары, тұрақты даму. Бұл жұмыс аясында үкімет пен ғылыми ұйымдар үшін ұсыныстар әзірленетін болады», - деді Назарбаев Университетінің  әлеуметтік және гуманитарлық мектебінің «Экономика» кафедрасының ассистент-профессоры Жанна Капсалямова.

Шеффилд университетінің өкілі Дора Фазекас айтқандай, Қазақстан бүгінде жасыл экономика жұмысында дұрыс бағытты таңдап отыр.

«Қазақстан қалдықтарын тастап, жасыл дамуға өтті. Меніңше, Қазақстанның БҰҰ саясатын ұстануы  - дұрыс бағыт. Ұлыбритания бұл салада лидер болып отыр. Көптеген елдер Ұлыбритания соңынан жасыл экономикаға бағыт алып жатыр», - деді ол.

Оның айтуынша, Ұлыбритания тәжірибесі Қазақстан үшін өте қымбат, себебі еуропалық ел баламалы энергия көздері бойынша алға озып кетті.

Баламалы энергия көздерін  зерттеу мен әзірлеуге инвестиция құю  әлем бойынша 380 млрд доларды 2015 жылы құраған болатын.

 

 




Яндекс.Метрика