Қазақстанның Тәуелсіздігі

Павлодарда Тәуелсіздіктің 25 жылдығына арналған «Ұлы дала елі» фестивалі өтті

Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25-жылдығына арналған этнофестивальге 25 мыңға жуық адам қатысты, деп хабарлады облыс әкімдігі.
Павлодар22 Тамыз , 14:31

Негізгі шаралар елуден астам киіз үй тігілген Кенжекөл ауылының жанындағы өзен аңғарында өтті.Әр киіз үйдің алдында қазақ халқының салт-дәстүрлерінен көрініс қойылып, әншілер мен күйшілер өнер көрсетті. Киіз үйлердің ішінде халық қолөнерінің көрмелері ұйымдастырылды.

Көрме-жәрмеңкеде фестиваль қонақтары зергерлер мен қолөнершілер жасаған бұйымдарды сатып алды. Павлодар облысының әкімі Болат Бақауов өзіне саздан жасалған шәугім сатып алды. Фестивальде кез келген адам гір тасын көтеріп, нағыз апайтөс жігіттер күш атасы Қажымұқанның ерлігін қайталап, үлкен тасты көтеріп көрді. Ат құлағында ойнаған «Nomad» каскадерлер тобы мерекенің көрігін келтірді. Алыптармен үлкен де, кіші де суретке түсті. Бүркітшілер саят құстарын баулу мен аң аулау туралы әсерлі әңгімелеп берді.

Фестивальге жиналған қонақтар алтыбақан теуіп, «Қазақ күресі» турнирі мен көкпар ойынын тамашалады.

«Құлагер» ипподромында үш қашықтыққа – құнан бәйге (6 км), тоқ бәйге (14 км) және аламан бәйге (24 км) өткізілді. Бәйгеге Павлодар облысынан бөлек, Астана, Көкшетау, Қарағанды аймақтарынан келген 30-ға жуық сәйгүлік қатысты.

 




Яндекс.Метрика