Дене шынықтыру мен спортты дамыту

Спорттық жетістік - халықтың мерейі

Тәуелсіздік жылдары қазақстандық спорт үлкен жетістікке жетті. Елде жыл сайын жаңа спорттық нысандар ашылуда. Қазақстанның Әнұраны өзге елде көкке көтерілетін болды. Қазақстан үшін 2011 жылдары Астана мен Алматы қаласында өткен Қысқы Азиада ойындары, 2012 жылғы Лондон олимпиадасы үлкен жетістік әкелді.
Астана қаласы 30 Қараша, 17:00

2012 жылы Лондон олимпиадасында қазақстандықтар 7 алтын медальға қол жеткізді. Пекинде өткен олимпиадаға қарағанда 3,5 есеге «олимпиадалық

астық» кеңейді. Алтыннан бөлек, 1 күміс пен 5 қола медаль да қоржынға салынды. Қорытындысында, ел олимпиадалық спорт рейтінгісінде 12-ші орынға шықты.

ҚР Президенті атап өткендей, ұлттық құрама команда 29 орыннан 12 орынға бірақ көтерілді, бұл үлкен жетістік. Қазақстан 200-ден артық ұлттық құрамалардың көшбасына шықты. Нұрсұлтан Назарбаев бұл бүкіл Қазақстанның жетістігі екенін атап өтті.

Қазақстандықтар Илья Ильин, Серік Сәпиев, Генадий Головкин, «Астана» велоқұрамасы, «Барыс» хоккей клубы, «Шахтер» футбол клубы, Денис Тен, Зульфия Ғабдуллина сынды спортшыларды мақтан тұтады. Қазақстанның спорт тарихында  алтын әріптермен жазылған Бахтияр Артаев, Александр Винокуров, Василий Жиров, Ермахан Ибрайымов, Мая Манеза, Александр Парыгин, Светлана Подобедова, Ольга Рыпакова, Бақыт Сәрсекбаев, Бекзат Саттарханов, Владимир Смирнов, Зульфия Чиншанло, Ольга Шишигана мәңгі тарих қойнауында.

«Мен біздің спортшылардың жеңісі стадиондарға болашақ чемпиондарды жинайтындығына сенімдімін. Әлемдік спорттық жетістік – бұл мемлекеттің әйгілі болуының мүмкіндігі. 21 ғасырда тек қана сау және мықты ұлт қана бәсекелестікке қабілетті бола алады. Мен сол үшін Үкіметтің алдына 2020 жылға дейін халықтың 30 пайызын спортқа баулу тапсырмасын қойдым. Егер де әрбір қазақстандық олимпиадалықтар сияқты жеңіске ұмтылса еліміз бірінші қатарға міндетті түрде шығады», - деді Н. Назарбаев.

 





Яндекс.Метрика