Білім беру

СҚО-да 59 білім беру нысанына жөндеу жүргізілуде

СҚО-да 59 білім беру нысанына жөндеу жүргізілуде, деп хабарлады облыс әкімдігінің баспасөз қызметі.
Солтүстік Қазақстан22 Тамыз , 14:53

Сонымен, 59 бiлiм беру мекемесiнде жалпы сомасы 1 млрд.300 млн. теңге болатын күрделi жөндеу жұмыстары жүргiзiлуде.Компьютерлiк сыныптарды жаңартуға 100 млн.теңге бөлiнiп, мектептерге 1099 жаңа компьютер сатылып алынды. Облыстың мектептерiн қажет оқулықтармен қамтамасыз ету үшiн облыстық бюджеттен 520 млн.теңге, оның iшiнде 8 мыңнан астам бiрiншi сынып оқушылары үшiн190 млн.теңге бөлiндi.

 Шара барысында Ерiк Сұлтанов ұстаздарды жаңа оқу жылының бастауымен құттықтап, сала қызметкерлерiнiң еңбегiн бағалап өттi. Солтүстiк Қазақстан облысы әкiмiнiң Құрмет грамотасымен 2 ұстаз марапатталса, тағы 4-i алғыс хатқа ие болды.

Сондай-ақ, өңiр басшысы оқу орындардың ұстаз кәсiбiн таңдаған 15 түлегiне сәттiлiк тiледi.Айта кету керек, осы жылы «Орта бiлiм берудiң үздiк мекемесi» атағына Уәлиханов ауданының Бидайық орта мектебi ие болды. Сый-сыяпат ретiнде аталған мектепке облыстық бюджеттен 17 млн.теңге грант бөлiндi.




Яндекс.Метрика