Мәдениетті жаңғырту

Қазақстандық тарихшылар Жетісу жеріндегі 5 зерттелмеген нысанды тапты

Қазақстандық тарихшылар Жетісу жеріндегі 5 зерттелмеген нысанды тапты, деп хабарлады Мәдениет және спорт министрлігі.
Казахстан22 Тамыз , 12:27

2016 жылы «Көшпелі қазақтардың мәдениеті мен өнеріндегі дәстүрлі жан-жануарлардың бейнесі мен сарыны (ежелгі дәуір, орта ғасыр және кейінгі кезең)» атты жоба аясында Қазақ ғылыми-зерттеу мәдениет институты «Есік» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-мұражайымен бірлесіп, Жетісу жеріндегі петроглиф ескерткіштеріне ғылыми-барлау жұмыстарын жүргізген болатын.   

Археологиялық барлау жұмыстары алдын ала әзірленген маршрут бойынша жүргізілді. Маршруттың негізгі бөлігі – есік – Қыземшек – Асысаға – Құрайлы – Шошанай – Қаракүнгей – Таңбалы – Құлжабасы – Есік.

Барлық зерттелген нысандар GPS- гарминге түсіріліп, сипатталды. Барлау барысында жаңа бес зерттелмеген нысандар табылды. Ондағы жартас суреттерінің ескерткіштері қола дәуірінен бастап кейінгі орта ғасырға дейінгі кезеңді қамтиды.

 




Яндекс.Метрика