Инфрақұрылымды дамыту

Астана халықаралық байқауда «Өмір сүргің келетін қала-2013» номинациясында жүлдегер атанды

Астана ТМД қалаларының VI халықаралық «ТМД және ЕурАзЭҚ үздік қаласы» байқауында «Өмір сүргің келетін қала-2013» аталымында диплом алды, деп «Бәйтерек» медиа-орталығы хабарлады.
Астана қаласы30 Қараша , 13:45

«Конкурстық комиссия қолайлы экологиялық орта құру, қала тұрғындарына жағдай жасау, атап айтқанда, қала нысандарын гүлмен ресімдеу сынды критерилері бойынша елордамыздың дамуына жоғары бағасын берді. Сонымен қатар, бұл тізімге - Астана қаласының жасыл белдеуін қолдау, қаланың көлік жүйесін кешенді инновациялық дамыту, жеңіл рельсті көлік, жоғары жылдамдықты автобус тасымалы жобаларын жүзеге асыру және интеллектуалдық көлік жүйесін енгізу кірді», - делінген хабарламада.  

Қалалық оңтайлы байқау 2008 жылдан бері ТМД Атқарушы комитетінің, Еуразиялық экономикалық қоғамдастықтың (ЕурАзЭҚ) Интеграциялық комитетінің, Бүкілресейлік жергілікті өзін-өзі басқару кеңесінің (БЖӨК) қолдауымен астаналар мен ірі қалалар Халықаралық Ассамблеясының (ҚХА) бастамасымен өткізілді. Нақ осы жылы ҚХА кең ауқымды кешенді жобасы «Мегаполис: ХХІ ғасыр» халықаралық форумының тұсауы кесілді. 




Яндекс.Метрика