Қалыптасқан Қазақстан

Әлемдік бірлестік Нұрсұлтан Назарбаев пен Қазақстан халқын ҚР Тұңғыш Президенті Күнімен құттықтауда

Ұлттық мереке Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Күні қарсаңында Президент Нұрсұлтан Назарбаев атына әлемдік Нобель сыйлығының иегерлері, сарапшылар тобының Астана клубы өкілдері мен Еуразиялық экономикалық ғалымдар клубы мен мүшелері атынан құттықтау келді.
Астана қаласы30 Қараша , 13:17

Вук Еремич, Біріккен Ұлттар Ұйымы Бас Ассамблеясы 67-інші сессиясының Президенті:

«Қазақстан Республикасының 1 желтоқсан Тұңғыш Президенті Күнімен шын жүректен құттықтаймын.

Жиырма жылдың ел тарихында Қазақстан Республикасының тұрақтылығы мен дамуына қосқан үлесі халық тарапынан үлкен қолдауға ие болған.

Біріккен Ұлттар Ұйымы Бас Ассамблеясы 67-інші сессиясының Президенті жұмысы кезінде Дүниежүзілік дағдарысқа қарсы конференцияға қарсы жолдауына қатысу мен Мемлекет басшыларыңыздың бірнеше жылдан бері қолға алып келе жатқан бастамаларыңыға ат салысу мен үшін үлкен мәртебе. Атап айтар болсақ, Нұрсұлтан Назарбаевтың «Жасыл өткел» Әріптестік Бағдарламасы, Еуразиялық экономикалық оқымыстылар клубы, Астана экономикалық форумы және өзге де шараларға қатысудың қазіргі маңызы зор.

G-Global, АТОМ Антиядролық Жобасы мен Дүниежүзілік және дәстүрлі діндер съезі, бұлардың барлығы халықаралық қауымдастықтар тарапынан үлкен қолдауға ие болып отыр.

Осы мүмкіндікті қолдана отырып Қазақстан Республикасы Президентінің мерекесі қарсаңында сізге зор денсаулық, Еліңіздің гүлденуі мен алға өрлеуіңізге тілектестігімді білдіремін. Біздің құрметімізді қабыл алуыңызды сұраймын».

Свен Алкалай, БҰҰ Бас Хатшысының орынбасары, БҰҰ Еуропалық экономикалық комиссиясының Атқарушы директоры:

«Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті Күні  қарсаңында Мемлекет басшыларыңыз Нұрсұлтан Назарбаевқа және Қазақстан халқына биіктерді бағындыру мен тек қана жетістіктер тілеймін!
Сіздің тиімді көшбасшылық қабілетіңізбен Қазақстан Орта Азия елдерінің дамуы мен Еропа мен Азияның арасында алтын көпір болып, жаһандық шараларда көшбасшылық жағдайға ие болды».

Тийт Вяхи, Эстония кәсіпкерлік ірі қауымдастығының басқарма мүшесі – Эстонияның премьер-министрі (1992, 1995-1997):
«Эстонияның ірі кәсіпкерлері қауымдастығының атынан және жеке өз атымнан Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Күнімен Сізді құттықтауыма рұқсат етіңіз!
Біздің Эстониядағы Силламяэ порты Қазақстанның балтық елдеріндегі Сіздердің елдеріңізден Еуроодақ пен Солтүстік Америка елдеріне жүк тасымалына сауда-экономикалық негізгі әріптесі болып табылады.

Менің ойымша, жақын арада Сіздердің елдеріңізге және сіздердің компанияларыңызға ұлттық терминал құратын боламыз.

Президент мырза, сізге алдағы уақытта шығармашылық табыстар тілеймін. Қазақстан мен жалпы әлем игілігі үшін төккен теріңіздің ақталып, алға қойған мақсаттарыңыз толығымен орындалсын демекпіз.

Үлкен құрметпен сізге достастық лебізімізді білдіреміз!»

Роберт Ауманн, Экономика саласы бойынша Нобель сыйлығының лауреаты:

«Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күнімен сіздерді шын жүректен құттықтаймын.

Сіздердің Елбасыларыңыз Кеңес үкіметінің бір бөлігі ғана болған Қазақстанды әлемдік аренада үлкен беделге ие жаңашыл ел ретінде төрткүл дүниеге таныстырды. Мен Астана экономикалық форумының өткізілуіне өзіміздің де үлесімізді тигіземіз деп үміттенемін. Шын жүректен Қазақстан халқына тек қана жақсылық тілеймін».

Виллем Кок, Мадрид клубы Президенті,  Нидерландының Премьер-министрі (1994-2002):
«Сіздердің елдеріңіздегі Қазақстан Республикасның Тұңғыш Президенті Күнімен шын жүректен құттықтаймын! Мадрид клубы Хатшылығының атынан Қазақстан халқына шын ниеттестігімді білдіремін!

Астана экономкалық форумы секілді ауқымды халықаралық жобалар арқылы танылып келе жатқан елдеріңіздің болашақта асар асуы алда. Барлық әлем халықтары сіздің елді тек қана жаңаша бастама мен біріккен әріптестік жобалардың отаны ретінде таниды. Жаһандық бастамалар сіздердің елдеріңізден бастау алып, барша халықтар тарапынан қолдау тауып отыр».

Сэр Ричард Робертс, 1993 жылы Медицина мен Психология бойынша Нобель сыйлығының иегері:

«Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Күнімен мен баршаңызды шын жүректен құттықтаймын.

Болашақта сіздермен тағы да жүздесудің реті туады деп үміттенемін».

Филипп Нобель, халықаралық Нобель ағайындығы Төрағасы, Тогрул Багиров, бакин Қоры Төрағасы, Густав Нобель, Транст Келісімі Төрағасы:

«Халықаралық Нобель ағайындығы атынан, Банкин Қоры мен Транст Келісімі атынан біз сіздерді Қазақстан Республикасның Тұңғыш Президенті Күнімен шын жүректен құттықтаймыз!
Тәуелсіздіктеріңіздің аз ғана уақыты ішінде сіздер әлемдік аренада өзге мемлекеттер қол жеткізбеген шыңды бағындырдыңыздар. Барлық әлем халықтары сіздің елді тек қана жаңаша бастама мен біріккен әріптестік жобалардың отаны ретінде таниды. Жаһандық бастамалар сіздердің елдеріңізден бастау алып, барша халықтар тарапынан қолдау тауып отыр. Жас елдеріңіздің алдағы уақытта да үлкен шыңдарды бағындыратынына сеніммен қараймын! Аса құрметпен жеткізген құттықтаумызды қабыл алыңыздар!».

Марк Узан, Бреттон-Вудский жаңартылған комитетінің атқарушы директоры:

«Соңғы үш жыл көлемінде Астана экономикалық форумына қатысу мүмкіндігіне ие болдым. Ол кезде Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевпен де жүздесе алдым. Онда мен жас елдің үлкен жаһандық бастамаларды қолға алып, әлем елдеріне үлгі боларлық саяси бағыт алғанын көрдім. Сонымен қатар, мен G-Global дағдарысқа қарсы бағдарламаларыңыздан да Президенттің көрегендінгі мен даналығын тани алдым. 
Мен сіздерді  Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Күнімен шын жүректен құттықтап, тілектестігімді білдіремін!».

Джордж Ф. Смут III, 2006 жылы Физика бойынша Нобель сыйлығының иегері:
«Мен Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевқа Еуразия экономикалық оқымыстылар клубы мен Астана Нобель сыйлығы иегерлері клубы атыанн құттықтау жеделхатын оқып берейін:

Құрметті Президент Назарбаев,
Біздің Қазақстан Республикасының Президенті күніне орай сіздің атыңызға жолдаған құттықтауды қабыл алыңыз.

Сіздің көрегенді саясатыңыщдың арқасында Қазақстан заманауи құқықтық республикасы болып қалыптасты. Біз сіздердің кез келген бастамаларыңыз бен қолға алған жобаларыңызға үлкен сеніммен қараймыз. Біз сіздермен түрлі салаларда әріптестік құруға мүдделіміз».

Михаил Федоров, Екатеринбургтегі Орал Мемлекеттік экономикалық университетінің ректоры:

«Орал мемлекеттік университетінің барлық ұжымы атынан сіздерге жолданған Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Күніне орай құттықтауымызды қабыл алыңыз.

«Екіжақты тиімді стартениялық әріптестік мен тату көршілік бізді қашанда өрге сүйрейтін құндылық болмақ. Қазақстан мен Ресейдің жан-жақты байланысының тарихы өте тереңде жатыр. Ресей Федерациясы Президенті Владимир Путиннің қол қойған «XXI ғасырдағы ерікті әріптестік туралы» келісімі екі жақтың достастық кездесуінің нақты мысалы болып табылады».




Яндекс.Метрика