Білім мен кәсіби машық

Назарбаев Университетінде NU Research Week ғылыми конференциясы өтті

Назарбаев Университетінде қарашаның 25 мен 29 аралығында NU Research Week ғылыми конференциясы өтті, деп Назарбаев Университетінің баспасөз қызметі хабарлады.
Астана қаласы30 Қараша , 12:51

Аталған конференцияның мақсаты – қазіргі кезеңде Назарбаев Университетінде әзірленіп жатқан зерттеулерді таныстыру, сондай-ақ осы жобалар арасындағы өзара іс-әрекеттер жолдарын іздестіру. Конференцияның барысында ғалымдар өздерінің идеяларымен және ойларымен бөлісті, университет студенттері, оқытушылары мен қызметкерлеріне өз жобаларының мәні туралы айтып берді. 

Конференция екі форматта өтті. Біріншісі – «презентациялық постер» деп аталады, бұл жерде барлық маңызды ақпарат постер түрінде берілді. Екінші кезең жобаның негізгі деректерін толығымен ұсыну арқылы жоба туралы ғалымдардың сауалдық презентацияларынан тұрды. Конференцияның маңызды аспектісі болып табылған жағдай, бұл Назарбаев Университетінің көптеген студенттері мен ғалымдарының ерекше ғылыми жобалармен тікелей танысуға мүмкіндік алуы, бұл өз кезегінде студенттерге өздеріне қызықты болған зерттеулерге қатысуға мүмкіндік берді. Жобаны ұсынған ғалымдар үшін осы конференция шектес ғылым саласында біріккен зерттеулерді жүргізу үшін әріптестерді іздестіру жолдарын ұсынды.

«Назарбаев Университеті әлемдік санаттағы зерттеу университеті болғысы келетінін жариялау арқылы маңызды мәлімдеме жасады. Сондықтан әрбіріміздің парызымыз бен міндетіміз – академиялық бағдарламалар мен білімнің дамуына ықпал ететін ғылыми-зерттеу мәдениетін құруға және дамытуға өз үлесімізді қосу болып табылады», - деп мәлімдеді Назарбаев Университетінің Ғылым жөніндегі вице-провосты Филипп Фроссард.

Конференцияның барысында түрлі салалардағы зерттеу жобаларының сан түрі ұсынылды, мысалы: «Әлемдік тәжірибемен байланыстыра отырып, Қазақстанның жалпы орта білім мектептері мен жоғары оқу орындарындағы оқу бағдарламаларын үйлестіру» (жобаның жетекшісі Қайрат Құрақбаев, PhD докторы, Жоғары білім беру мектебінің Ғылым департаментінің директоры), «Инерциялық ұстау қимылына негізделген мобильді роботталған қолды телебасқару» (бас зерттеуші Атакан Варол, PhD докторы, Робототехника және мехатроника бойынша қауымдастырылған профессор), «Жаңартылатын қуат көздерін энергетикалық жүйелермен қосуға арналған инновациялық аккумуляторларды әзірлеу» (жобаның басшысы Бәкенов Жұмабай, Инженерия докторы, Қауымдастырылған профессор).

 




Яндекс.Метрика