Жастарға үндеу

Малика Құрманғалиева: «Болашақ» - шындыққа айналған арман

strategy2050.kz порталына берген сұқбатында «Болашақ» бағдарламасының түлегі, «Азия-Софт ЛТД» ЖШС (Астана) департамент консалтингінің IT-консультанты Малика Құрманғалиева ҚР Президентінің халықаралық «Болашақ» стипендиясы арманын шындыққа айналдыруға мүмкіндік бергенін айтты.
Астана қаласы30 Қараша , 12:33

- «Болашақ» бағдарламасы сіз үшін қандай мәнге ие?

- «Болашақ» бағдарламасы – елдің кез келген азаматына үлкен мүмкіндік, өз болашағына ұмтылып, халықаралық білім алудағы жетекші қолғабысы. Бұл мен үшін жарқын болашағыма қосқан үлкен  үлес.

- Конкурсқа қатысуға не түрткі болды?

- Мектеп бітіруіме таман мен шетелге оқуға түсем деген мақсат қойдым.  ҚР Президенті бастаған «Болашақ» бағдарламасы менің арманымды шындыққа айналдырды. Малайзия ақпараттық технологиялар бойынша жетекші елдердің бірі. Сондықтан, мен өз таңдауыма күмәнданбадым.

- Оқу кезінде қандай қиындықтармен кездестіңіз?

-Қиындықтар кездесті. Тек қана уақыт пен оқиғаға байланысты өзгерді. Бірінші кезеңде өзге елдің мәдениетіне, салт-дәстүріне үйрену қиынға соқты. Уақыт ете келе барлығы үйреншікті іске айналып өз орнына келді. Экзамендар кезінде әр түрлі жобалар тапсырған кезде қиындықтар туды. Ал білім өздеріңіз білгендей, инемен құдық қазғандай.

- Бағдарламадан кейін мансабыңыз қалай жалғасты?

- Мен үшін қазір ең бастысы - тәжірибе жинау. Мен шетелде алған білімімді осы жақта шыңдап, тәжірибеммен бөлісудемін.

- Келешек болашақтықтарға не тілейсіз?

-Қандай қиындық болса да мойымаңыздар. Мақсат қойып соған жете білу қажет!




Яндекс.Метрика