Білім беру

Ақтөбеде орта мектеп пен балабақша ашылды

Тұңғыш Президент Күніне орай Ақтөбеде жаңа мектеп пен балабақша ашылды, деп облыстық ішкі саясат басқармасы хабарлады.
Ақтөбе30 Қараша , 11:25

« «Үш ауысымды оқытуды және авариялық оқу орындарын жою» негізінде Жергілікті бюджет есебінен Ақтөбе қаласы Құрашасай елді мекенінде 150 орындық орта мектебінің ашылу салтанаты өтті»

Осы күні «Балапан» бағдарламасы аясында Ақтөбе қаласындағы «Айналайын» балабақшасың ашылу салтанаты өтті.  Балабақша 240 баланы мектепке дейінгі тәрбиемен қамтуға  мүмкіндік береді.

Мектепке дейінгі ұйым аумағында дамытушы орта – спорттық алаңдар, көлеңкелі шатырлар орналасқан, айналасында жасыл ағаш-өсімдіктер отырғызылған және СанПин талаптарына сай таза экологиялық материалдардан кіші архитектуралы құралдар орналасқан.

 




Яндекс.Метрика