Білім беру

Ақмола облысында білім және тәрбие беретін 5 мекеме ашылды

Тұңғыш Президенттің Күніне орай Ақмола облысы Целиноград ауданында білім және тәрбие беретін 5 мекеме бірден ашылды, деп облыс әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.
Ақмола 30 Қараша, 10:30

«Целиноград ауданында салатанатты түрде 5 әлеуметтік нысан қолданысқа берілді. Қосшы және Қараөткел ауылдарында 1200 орындық жаңа мектептер есігін айқара ашты. Бұл қуанышты сәтпен облыс әкімі мен оқушыларды Білім және ғылым министрі Аслан Сәрінжіпов құттықтады», - делінген хабарламда.

Қоянды, Талапкер және 96-шы тарауда бүлдіршіндерді жаңа балабақша қабылдады. Бірінші екеуі 280 балаға, екіншісі 140 балаға шақталған.

Айта кетейік, қолданысқа берілген мекемелер заманауи технологиялармен жабдықталған.

Жалпы Ақмола облысында Тұңғыш Президент Күніне орай 15 жаңа әлеуметтік және өндірістік нысандарды ашу жоспарланып отыр. Бүгінгі таңда олардың тең жартысы тапсырылып, қыметін жалғастыруда. 





Яндекс.Метрика