Әлеуметтік саясаттың жаңа принциптері

«Жасыл экономиканы» қолдаудың қоғамдық коалициясын құру қажет - депутат А.Соловьева

Біз «ЭКСПО - 2017» Халықаралық көрмесі аясында «жасыл экономиканы» қолдаудың қоғамдық коалициясын құруды ұсынамыз. Бүгін Астанада өткен баспасөз мәслихатында Азаматтық альянстың жетекшісі, депутат Айгүл Соловьева осындай мәлімдеме жасады.
Казахстан26 Наурыз , 00:00

Оның айтуынша, аталған бастаманың аясында пікір алысып, идея көтеретін зияткерлік алаңды ашуға болады. Оған жергілікті атқарушы билік органдары, министрліктер, даму институттары, халықаралық және қоғамдық ұйымдар қатыса алады. «Коалиция «жасыл экономика» саласындағы өнертапқыштар мен бизнесмендер арасында тікелей әріптестік байланыстарды орнатуға да өз септігін тигізбек. Біз болсақ, коалицияның арқасында «жасыл экономикаға» қажетті заңнаманы жетілдіре аламыз», - дейді А.Соловьева. 




Яндекс.Метрика