Дәйекті де болжамды сыртқы саясат

ҚР Премьер-Министрі С.Ахметов және ҚХР Мемлекеттік кеңесінің Премьері Ли Кэцян екі жақты сауда-экономикалық ынтымақтастықтың бірқатар мәселелерін талқылады

Бүгін Ташкентте Қазақстан Премьер-Министрі Серік Ахметов Қытай Мемлекеттік кеңесінің Премьері Ли Кэцянмен кездесті.
Әлемде30 Қараша , 09:50

«Үкіметтер басшылары сауда-экономикалық сферадағы Қазақстан-Қытай ынтымақтастығының өзекті бағыттарын талқылады», - делінген хабарламада.

Нақты айтқанда, мұнай-газ секторындағы, энергетикалық саладағы, транзиттік-көліктік сферадағы, ауыл шаруашылығындағы жобаларды жүзеге асыру барысы қаралып, экономиканың басқа салаларындағы ынтымақтастық перспективалары талқаланды. 

С.Ахметов «сауда-экономикалық өзара іс-қимылдың артуының оң динамикасын» атап өтіп, Қазақстан мен Қытайдың іскерлік ынтымақтастығын арттыру қажеттігін басып айтты. Үкімет басшысы Ли Кэцянді 2014 жылы ресми сапармен Қазақстанға шақырды.

Өз кезегінде, ҚХР Мемлекеттік кеңесінің Премьері «сауда-экономикалық өзара іс-қимылдың кең спектрі бойынша, әсіресе энергетикалық саладағы және ауыл шаруашылығындағы ынтымақтастықты одан әрі кеңейтіп, нығайтуға» Қытайдың ниетін құптады.

Тараптар өзара тиімді ынтымақтастықтың барлық бағыттары бойынша стратегиялық серіктестікті одан әрі нығайтуға қызығушылық танытты. 

 




Яндекс.Метрика