Дәйекті де болжамды сыртқы саясат

Қазақстанның Үкімет басшысы С.Ахметов АТМЭӘК-ның Атқарушы хатшысы Ноэлин Хейзермен кездесу өткізді

Бүгін Ташкентте ҚР Премьер-Министрі Серік Ахметов БҰҰ-ның Азия және Тынық мұхитына арналған Экономикалық және әлеуметтік комиссиясының (АТМЭӘК) Атқарушы хатшысы Ноэлин Хейзермен кездесті.
Әлемде30 Қараша , 09:20

«Кездесуде  халықаралық ынтымақтастықтың кең тақырыбы бойынша Қазақстан және АТМЭӘК-ның өзара іс-қимылы мәселелері талқыланды», - делінген хабарламада.  

Тараптар сондай-ақ 2011 жылы Алматыда ашылған Солтүстік және Орталық Азияға арналған АТМЭӘК-ның Субөңірлік бөлімнің қызметін қарады. 

С.Ахметов Орталық Азия елдерінің экономикаларына арналған БҰҰ-ның Арнайы бағарламасын жүзеге асырудағы АТМЭӘК-ның, Қазақстанның сауда және транзиттік саясатының күш салуын жоғары бағалап, «Жаһандық энергия-экологиялық стратегиясы бойынша қазақстандық бағдарламаларды және «Жасыл көпір» бастамасын сүйемелдеудегі АТМЭӘК-ның одан әрі жәрдемдесуін» жақтап сөйледі.

 




Яндекс.Метрика