ХХІ ғасырдағы Қазақстандағы дін

Қазақстан – бейбітшілік пен келісім мекені

Бүгін Қазақстанда бейбітшілік пен өзара келісім ішінде 140 этника мен 40 конфессия өмір сүруде. Республикамыз көпұлтты және көпдінді қоғамнан тұрады. Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев айтқандай: «Қазақстан – бұл ортақ мекен, ортақ ұлт пен діннің тоғысқан жері. Барлық қазақстандықтарды ұлтаралық және дінаралық келісімдерді сақтауға шақырамын. Бұл біздің мәңгі құндылығымыз. Бұл біздің мәңгі еліміз бен Астанамыздың мақтанышы».
Астана қаласы 30 Қараша, 09:30

Қазақстан Республикасның Конституциясына сай, еліміз құқықтық, зайырлы және демократиялы ел. Ел басына күн туған қилы замандарда да халқымызды ұлт ретінде сақтап қалған ынтымағы мен бірлігі. Жаугершілік заманда басы ауған жаққа көшіп жүріп те берекесі мен қазанын ортайтпаған қасиетті қанағатшыл ағаш бесік пен жер бесік арасындағы біреуге ұзақ, біреуге шолақ өмір жолдарында біреуді өзекке теппей, өзгенің қызылына қызықпай, ұтымды іспен, орамды оймен, терең кемеңгерлікпен, ешқашанда тарылмаған кеңдігімен еліміздің тамырын жаза, бұтағын жайқалтып, құшағын кеңейтіп келеді. Достық пен ынтымақ бар жерде береке мен ырыс болары айдан анық.
«Бірлік бар жерде — тірлік бар» дейді біздің халық. Дана жұрт мұны тегіннен-тегін айта салмаса керек. Ауызбірлік пен түсіністік, қарапайым сыйластық үстемдік құрған жерлерге қашанда нәтижелі істердің үйір болатыны белгілі. Біздің елімізде қалыптасқан ұлттар тұтастығы мен халықтар достығының арқасында бүгінде мемлекетіміз өркендеп, ілгері басып келеді. Қазақстанның көпұлтты халқының татулығы, ынтымақтастығы, бейбітшілігі біздің еліміздің ең басты байлығы. Оны көздің қарашығындай сақтауға тырысуымыз керек.
Біздің мемлекетіміздің басты жетістігі еліміздің халықтарының ұлтаралық және конфессияаралық келісімі, өзара түсіністігі мен сыйластығы болып табылады.

Мемлекетіміздің басшысы Нұрсұлтан Назарбаев былай дегені бар еді: «Егемен еліміздің мемлекеттілігін, тәуелсіздігін, демократиялық құндылықтарын айғақтайтын бірден-бір құжат бұл – Конституция. Ата Заңымыздың алдында ала-құласы жоқ бәріміз де бірдей жауапты, бәріміз де бірдей міндеттіміз!»

Ата Заңымыз тұтастықтың, татулықтың кепілі болғандықтан Қазақстан халқы түсіністік, достық жағдайында өмір сүріп келеді.Статистика деректері бойынша, елде 140 этнос пен 46 діни қауымдастық бар екендігі белгілі. Осылардың арасында ешқандай да келіспеушілік, дүрдараздық жоқ. Олар Қазақстанды ортақ Отаны санайды. Елімізде он бір тілде газет-журнал жарық көріп отыр. Олар ағылшын, неміс, әзірбайжан, корей, ұйғыр, өзбек, татар және басқа да тілдерде. Театрлар алты тілде өнер көрсетіп жүр. Олардың барлығын мемлекет өзі қаржыландыруда. Осындай өнегелі істі әлемдегі өзге мемлекеттерден кездестіру қиын. Осының өзі арамыздағы өзге ұлт өкілдерінің тілі мен дініне, мәдениеті мен өнеріне деген қамқорлық нышаны.

Конституцияда белгіленген бағыт-бағдарымыздың дұрыстығының арқасын¬да әлемді шарлаған экономикалық дағдарыстан да қиналмай өттік. Қайта экономикада осы жылдары оң көрсеткіштерге қол жеткіздік.

Ата Заңның бірінші бабының өзінде басты құндылық ретінде адам, оның өмірі мен еркіндігі атап көрсетілді. Адамды бас¬ты орынға қойған мемлекетімізде адамға қамқорлық жасауда игілікті шаралардың жүзеге асырылып жатқанына куә болып жүрміз. Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің мәліметтерінен мыналарға қанықтық. Адамның өмір сүруін қамтамасыз етуде ең төменгі тұтыну себетінің құны айрықша рөл атқарады.

Ел ішіндегі ұлтаралық татулықты нығайтуда маңызды конституциялық орган болып саналатын Қазақстан халқы Ассамблеясының орны айрық¬ша екенін атап өткен жөн. Бұл Ассамблея – бейбітшілік пен келісімді тиімді насихаттаушы қоғамдық институтқа, этносаралық және кон¬фессияаралық толеранттылықтың қазақстандық үлгісінің негізіне айналды. Қазақстанның Еуропадағы қауіпсіздік пен ынтымақтастық ұйымына төрағалығы, Астана қаласында мемлекет басшыларының Саммитін өткізуді дүниежүзінің қолдауы мемлекетіміздің Конституция негізінде жүргізіп отырған салиқалы саясатының белгісі.

Біз қазіргі күні экономикалық жетістіктерді, әлеуметтік игіліктерді, саяси тұрақтылық пен мәдени өркендеуді бастан кешіріп отырмыз.Елдің қол жеткен табыстарына, біздегі орын алған татулық пен түсіністік жағдайларына әлемдік өркениет қызғушылық танытуда. Осының өзі көңілді марқайтып, туған елге, Отанға деген сүйіспеншілік сезіміңді арттыра түседі. Бұл ретте Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың ел үшін сіңіріп отырған еңбегін ерекше атап көрсеткен жөн. Өткен жылы еліміздің қалыптасуы мен дамуына қосқан зор үлесі үшін мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевқа заң жүзінде «Елбасы» деген атақ бекітілді. Біздің Елбасының алқалы жиындарда ортаға салған көптеген ұсыныс бастамалары әлемдік деңгейде мойындалып отыр. Негізі, Конституция ұғымы қазаққа жат емес.

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев өткен жылы Қазақстан Республикасы Конституциясының 15 жылдығына арналған «Конституция – мемлекеттің демократиялық дамуының негізі» атты ғылыми-тәжірибелік конференцияда сөйлеген сөзінде былай деген еді: «Конституция бойынша, заң бойынша өмір сүру – жай ғана қажеттілік пен азаматтық міндеттілік емес. Бұл – азат адамдардың артықшылығы. Өз құқықтарының бағасын біліп, басқалардың да осындай құқықтарын мойындайтын адамдардың артық¬шылығы. Осындай жағдайда ғана біз – жеке азаматтар емес, Қазақстан халқымыз, тұрғындар емес, қоғамбыз, азаматтық қоғамбыз. Географиялық кеңістік емес, бізді біріктіретін – еліміз». Бұдан қандай ой түюге болар еді. Әрбір азамат өз ортасы мен қоғамын құрметтей білуі тиіс. «Ауылына қарап, азаматын таны» деген ертеден келе жатқан бір сөз бар емес пе? Сол айтылғандай мемлекетіне қарап, азаматын танып-білуге болатын заманға да келдік. Мемлекетіміз қайтсе дамиды, өркендейді? Бұл – замандастарымыздың өз міндетіне деген жауапкершілікті түсінуіне, әділдік пен адалдықты басты ұстаным ретінде алуына тікелей байланысты.
 





Яндекс.Метрика