ХХІ ғасырдағы Қазақстандағы дін

Қазақстанның бірлігі мен бейбітшілігінің кепілі- көпұлттылық

Тәуелсіздік алған уақыттан бері Қазақстанда көпұлтты саясат жүргізіліп жатқаны бегілі.
Казахстан 30 Қараша, 12:00

Қазақстанның Конституциясы азаматтардң ұлттық және діни көзқарасының ерекшеліктеріне қарай бәріне бірдей құқықты қамтамасыз етеді. Еліміздегі барлық этникалық топтың мәдени және рухани құндылықтары қоғамның артықшылығы ретінде қарастырылады. Барлық азаматтарға діни ұстанымына таңдау еркі берілген және ешқандай да қыспаққа алынбақ емес. 

Қазақстан Конституциясында Еліміздің демократиялық, зайырлы және құқықтық мемлекет екені айтылған. Ой еркіндігі адам құқының бірден бір бөлігі болып табылады. Ол Конституциямызда да жазылған.

Қазақстан Республикасының басты Заңына сай, ел азаматтарының төмендегі құқықтары қандай жағдайда да сақталуы керек:

«1.Барлық адам ой еркіндігіне ие бола алады.

2.Ой еркіндігіне ие болу жалпыадамдық немесе азаматтық құқық пен мемлекет алдындағы міндеттемелермен шектелмеуі керек».

Дін саласындағы мемлекеттік саясат мемлекеттің діннен бөлек тұжырымдамасына негізделген және ой еркіндігі мен дін еркіндігі қамтамасыз етіледі. Діни бірлестіктердің теңдігі, діни бірлестіктердің ішкі жұмысына мемлекеттік саясат араласпайды. Және де мемлекеттік органдар мен діни бірлестіктер өзара әріптестікке негізделуі керек.

Тәуелсіздік жылдарында мемлекетте құқықтық алаң қалыптасты. 1992 жылы Қазақстан Республикасында қабылданған «Діни сенім мен діни бірлестіктер туралы» Заң барлық сенім өкілдерінің бостандығы мен құқығын қамтамасыз етеді.

ҚР азаматтары мен өзге мемлекеттердің азаматтары кез келген діни бірлестіктің құрамына еніп, кез келген діни сенімді ұстана алады немесе ешбір дінді де мойындамауға құқылы.

Еліміздің заңнамалық күші Қазақстан Республикасының Конституциясы кепілдік берген діни бірлестікке мүмкіндік береді. Және де адам құқын қамтамасыз ететін халықаралық актілерге де есіктері айқара ашық.

Қазақстанда тәуелсіздіктің жиырма жылы ішінде діни институттардың сандық та, сапалық та құрамы артты. Діни бірлестіктердің саны бірнеше есеге көбейіп, рухани орта құрылды. Жаңа діни нысандар: мешіттер, шіркеулер, сиыну үйлері, синагогалар көптеп бой көтерді. Діни сенімге ие халық саны да артты.

Сарапшылардың айтуынша, сексенінші жылдармен салыстырғанда қазіргі діни сенімге ие халық саны 20-25 пайыздан 60-65 пайызға артқан. Бұл мемлекеттің рухани құндылықтарға ден қойып, діни сенімге бостандық беріп, ой мен сенім еркіндігін қамтамасыз ететін саясат ұстанғанның жемісі.

Діни сенімге иелердің ішінде ең көп үлес мұсылмандар, одан кейін православ христиандар жалпы діни сенім иелерінің тоқсан пайызын құрайды.

Тәуелсіздік жылдарында жалпы қоғамның өмір сүру деңгейінің өскені де анық. 1989 жылдың басында 671 діни бірлестік тіркелсе, жиырма жылдан кейін бұл көрсеткіш алты есеге дейін өсіп 2009 жылы 4365 болған. 





Яндекс.Метрика