Жаһандық қауіпсіздікті нығайтуға үлес қосу

Қазақстан және ҚР Президенті ядросыз әлем жолында жаңа идеялардың бастаушысы – В.Матвиенко

Қазақстан және ҚР Президенті ядросыз әлем жолыда жаңа идеялардың бастаушысы, деп мәлімдеді Ресей Федерациясы Кеңесінің спикері Валентина Матвиенко Санкт-Петерборда өтіп жатқан «Қазіргі замандағы ядролық қауіпсіздік: Ядролық қарусыздану мен таратпау үдерісінегі парламентарилердің рөлі» атты халықаралық конференцияда.
Әлемде29 Қараша , 18:51

 Форумды ашу барысында Ресей Федерациясы Кеңесінің спикері Валентина Матвиенко ядролық қаруды азайтып, қолданыс шамасын шектеп жатқан ресейлік облыстар туралы мәлімдеді.

«Әлемдік қауіпсіздіктің бір бөлігі ретінде қазіргі әлемде ядролық қарусыздану тұрақты дамудың кепілі және экологиялық апаттардың алдын алудың кілті болып табылады. Халықаралық қатынастардағы ядролық өлшем қашанда күн тәртібінен түспек емес. Сол себепті заң шығарушылар ретінде біз ядролық қауіпсіздік саласындағы халықаралық әріптестік үшін қолдан келген заңнамалық мүмкіндігімізді аямаймыз», - деді В. Матвиенко.

Спикер конференцияға белсенді ат салысқан қазақстандық парламентарияға алғыс айтты. «Қазақстан мен оның басшысы Назарбаев ядросыз әлем жолынан бастап көптеген идеялардың бастаушысы болып келуде», - деп түйіндеді.




Дерекнама

Яндекс.Метрика