Дәйекті де болжамды сыртқы саясат

ҚР Премьер-Министрі Серік Ахметов ШЫҰ мүше-елдердің Үкіметтері басшыларының Кеңесіне қатысты

Бүгін Ташкентте ҚР Премьер-Министрі Серік Ахметов Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше-елдер Үкіметтері басшыларының Кеңесі (ШЫҰ ҮБК) отырысына қатысты.
Әлемде29 Қараша , 18:05

«Тар және кең форматта өткен отырыстарда Қазақстан, Ресей, Қытай, Қырғызстан, Өзбекстан және Тәжікстан Үкіметтерінің басшылары, ШЫҰ қадағалаушы мемлекеттерінің өкілдері сауда-экономикалық және қаржы сфераларындағы ынтымақтастықты қосқанда интеграциялық өзара іс-қимыл мәселелерінің кең спектрін талқалады», - делінген хабарламада. 

Нақты айтқанда, ШЫҰ мүше-елдердің араларындағы сауда-экономикалық және гуманитарлық ынтымақтастықты тереңдету бойынша перспективалар мен шаралар қаралды, ШЫҰ мүше-елдердің көп жақты сауда-экономикалық ынтымақтастықтың бағдарламасын орындау бойынша Іс-шаралар жоспарын және ШЫҰ аясында 2016 жылға дейін жобалық қызметті әрі қарай дамыту бойынша Іс-шаралар тізімін жүзеге асыру барысы туралы мәлімет тыңдалды. ШЫҰ Іскерлік Кеңесі және Банкаралық бірлестігі қызметтерінің мәселелері талқыланды. 

Қазақстан Премьер-Министрі Серік Ахметов кеңейтілген форматтағы сөйлеген сөзінде «Шанхай ынтымақтастық ұйымы аясында экономикалық және гуманитарлық ынтымақтастықты одан әрі нығайту жолындағы маңызды кезеңдердің бірі» ретінде оның маңыздылығын атап өтті. Үкімет басшысы «ШЫҰ мүше-елдердің көп жақты сауда-экономикалық ынтымақтастықтың бағдарламасын орындау бойынша Іс-шаралар жоспарын және ШЫҰ аясында жобалық қызметті әрі қарай дамыту бойынша Іс-шаралар тізімін пәндік және жүйелі жүзеге асыру» қажеттілігін басып айтты.

Серік Ахметов қолданылатын күштерден іс жүзіндегі қайтарымды жобалық қызметті қаржылай сүйемелдеудің тиімді тетіктері болған жағдайда күтуге болады деп есептейді. Оған ШЫҰ Даму банкінің және Даму қорының (Арнайы шотты) қалыптастырудың және жұмыс жасаудың принциптерін келісу бойынша жұмысты аяқтау көмектеседі.

Үкімет басшысы ШЫҰ елдерінің инновациялық ынтымақтастығы, азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету Бағдарламасының қазақстандық жобасын жүзеге асырудағы ынтымақтастық перспективаларын жоғары бағалады. Соңғы бағыт «ШЫҰ-ның әр мемлекеті үшін маңызды стратегиялық міндет болып табылатынын» атап өткен ол ШЫҰ мемлекеттерінің азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша Бағдарламаны әзірлеп, қабылдауды ұсынды. 

Премьер-Министр сондай-ақ кедендік органдар ынтымақтастығы, ШЫҰ Энергетикалық клубын құру, өңірдің су проблемаларын талқылау бойынша ашық диалогтық алаң құру мәселелеріне баса назар аудартты.

Үкімет басшысы «қадағалаушы елдердің және диалог бойынша серіктестердің зор әлеуетіне, сондай-ақ оларды ШЫҰ аясында экономикалық және гуманитарлық ынтымақтастық саласына белсенді тарту өңірлік кооперацияны кеңейтуге көмектесетініне» сенімді.

Отырыс қортындысы бойынша Үкіметтер басшылары бірқатар құжаттарға қол қойды. Олардың ішінде ШЫҰ ҮБК отырысы қортындысы бойынша бірлескен Коммюнике, ШЫҰ мүше-елдердің Үкіметтер басшыларының көлік саласында ынтымақтастықты одан әрі дамыту туралы Бірлескен өтініші, ШЫҰ-ның Даму Банкін және Даму Қорын (Арнайы шотты) құру бойынша әрі қарайғы жұмыс бойынша Шешімі бар.

Сондай-ақ ШЫҰ мүше-елдері аумағында жұқпалы ауралардан туындаған эпидемиологиялық жағдай туралы мәлімдеу Бағдарламасы және ШЫҰ тұрақты органдарының қызметін реттейтін қаржы блогінің құжаттары бекітілді. 
ШЫҰ ҮБК-нің келесі отырысы 2014 жылдың төртінші тоқсанында Астанада өтеді.

 

 

 




Яндекс.Метрика