Жаңа бағыттың экономикалық саясаты

ҚР Өңірлік даму министрі Маңғыстау облысының нысандарын аралады

ҚР Өңірлік даму министрі Болат Жәмішев алғашқы жұмыс сапарымен Маңғыстау облысына барды, деп ведомствоның баспасөз қызметі хабарлады.
Маңғыстау29 Қараша , 17:50

«Ақтау қаласы Қазақстан Республикасындағы келешектегі бес агломерацияның бірінің орталығы болып табылатындықтан, сапардың басты мақсаты осы өңірдің урбанизациясы, агломерациялық дамуы және проблемалық мәселелері үдерістерімен танысу болды», - делінген хабарламада.

Ақтау қаласында Министр «Қолжетімді тұрғын үй - 2020» бағдарламасы бойынша салынып жатқан «Аққу» шағын ауданының көппәтерлі тұрғын үйлерінің құрылысы барысымен танысты. Дәл сонда Министр «Аққу» шағын ауданының 1, 2-кезегін салу мәселелері жөнінде кеңес өткізді, оның барысында объектінің құрылысын аяқтау бойынша шаралар анықталды.

Жұмыс сапарының екінші күні Болат Жәмішев Мұнайлы ауданының «Батыр» ауылының даму барысымен танысты. Болат Жәмішев ауылда жеке тұрғын үй құрылысын іске қосу жоспарын орындау үшін қажетті электрмен жабдықтау және газдандырудың ішкі ауылдық желілерін салу мәселелеріне ерекше назар аударды.

 Жаңаөзен қаласында Болат Жәмішев «ӨзенИнвест» МКК ауыз суын тазартатын станцияның аумағын аралады, онда «Астрахань-Манғышлақ» су құбыры бойынша Жаңаөзенге келетін еділ суын тазартады. Одан кейін Болат Жәмішев «ӨзенЖылу» МКК орталық қазандығының ғимаратына барды.

 Одан басқа Министр Жаңаөзен қаласындағы бизнес-инкубатордың қызметімен танысты, онда жабдықталған үй-жайларды жалға беру арқылы жұмысын жаңа бастаған кәсіпкерлерге қолдау көрсетіледі, сондай-ақ консультациялық, бухгалтерлік, заңды және басқа қызметтер жүзеге асырылады. Бүгінгі күні осы бизнес-инкубаторда қаланың шамамен алғанда 44 кәсіпкері өзінің бизнесін дамытып, 140 адамға арналған жаңа жұмыс орындары ашылды.

Сапардың қорытындылары бойынша Болат Жәмішев кеңес өткізді, онда өңірді дамытудың негізгі басымдықтарын атап, Министрлік пен облыс әкімдігінің тарапынан жедел шешуді талап ететін проблемалық мәселелерді талқылады. Болат Жәмішев «Ақ бұлақ» бағдарламасын іске асыру бойынша бекітілген өңірлік жоспарларды әзірлеп, ұсынуды, сондай-ақ облыстың кәсіпкерлерін «Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасына тарту бойынша жұмысты жандандыруды тапсырды.




Яндекс.Метрика