Экономикалық және сауда дипломатиясын дамыту

Қазақстан мәжілісмендері ҚР мен ЕО парламенттік әріптестік комитетінің отырсына қатысты

Брюсселде «Қазақстан Республикасы-Еуроодақ» парламентаралық әріптестігі комитетінің 12-інші отырсына қатысты, деп хабарлайды ҚР Парламент Мәжілісінің баспасөз қызметі.
Астана қаласы29 Қараша , 17:38

Қазақстанның Парламенттік делегациясын Мәжіліс төрағасының орынбасары Сергей Дьяченко бастап барды.

«Қазақстандық парламентария Еуропа комитетінің өкілі Паоло Бартолоццимен кездесті. Кездесу барысында тараптар екі жақты қарым-қатынастың маңызды мәселелерін талқылады. Қазақстан мен Еуроодақ әріптестігін сөз етті», - делінген хабарламада.

Атап айтар болсақ, тараптар сауда-экономикалық, визалық режимді оңайлату бойынша әріптестік пен бірігіп іс-қимыл атқару Келісімінің жаңа базасын қарастырды.

Сонымен қатар, білім мен ғылым, денсаулық сақтау, кісі құқы, қоршаған орта мен су ресурстары жағдайларының күн тәртібіндегі мәселелері де назардан тыс қалмады.

Хабарламада айтылғандай, жаһандық және өңірлік қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында Ауғанстан мәселесіне тоқталып, терроризм секілді ғасыр індеттерінің шешілу жолын қарастырды.




Яндекс.Метрика