Ақша-несие саясаты

ҚР-да зейнетақы жинағының көлемі 3,6 трлн теңгені құрады

2013 жылдың 1 қарашасында ҚР-дағы зейнетақы жинағының көлемі өткен жылғы көрсеткіштен 13,9 пайызға (441,9 млрд теңге) артып, 3625 млрд теңгені құрады, деп хабарлайды ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің баспасөз қызметі ҚР Ұлттық Банкіне сілтеме жасай отырып.
Астана қаласы29 Қараша , 16:52

«ҚР Ұлттық Банкінің мәліметінше, 2013 жылдың 1 қарашасында ҚР-дағы зейнетақы жинағы көлемі өткен жылғы көрсеткіштен 13,9 пайызға (441,9 млрд теңге) артып, 3625 млрд теңгені құрады», - делінген хабарламада.

Зейнетақы жинағындағы міндетті зейнетақы төлемі көлемі 3619,4 млрд теңгені құрады. Ал ерікті зейнетақы төлемі 1374,1 млн теңге, ерікті кәсіптік зейнетақы көлемі 145,2 млн теңгені құрады.

Хабарламада айтылғандай, сақтандыру ұйымдарындағы төлем мен аударымдар 412,9 млрд теңгені құрады.




Яндекс.Метрика