Жастарға үндеу

Г. Бердиярова: «Болашақ» мамандығымды түсінуге мүмкіндік берді

www.strategy2050.kz порталына берген сұқбатында «Болашақ» бағдарламасының түлегі Гүлбану Бердиярова бағдарлама бойынша меңгерген тәжірибесімен бөлісті.
Астана қаласы29 Қараша , 16:15

- Сіз үшін «Болашақ» бағдарламасы қандай мәнге ие?

- «Болашақ» маған кәсіптік қызметімді бастауға мүмкіндік берді. Өз мамандығымды ұғынып, осы саладағы мамандармен кездесуге мүмкіндік туғызды.

-Конкурсқа қатысуға не түрткі болды?

- Сапалы білім алу құштарлығы мен өз еліме үлесімді қосар мамандықты таңдағым келді. Сондай-ақ, күш-қажыр мен уақытымды босқа өткізгім келмеді.

-Оқу үрдісінде қандай қиындықтармен кездестіңіз?

- Қиындықтар барлығында болады. Менің жағдайымда еске сақталар проблемалар болмады. Менің ойымша, адам өз мамандығына жауапкершілікпен қарап, өз ісін сүйсе ол адам қиындықтарды уақытша сын ретінде қабылдайды. Әрине, қиындықтар болды. Бірақ, олар лезде ұмытылып кетті.  

-Бағдарламадан кейін мансабыңыз қалай құрылды?

-Бітіргеннен кейін мен бірден мамандығым бойынша жұмыс тауып алдым. Жаңа туғандардың хирургиясы – бұл өте жас сала, сондықтан біз оқу мен кадрларды дайындау деңгейіндеміз. Мен осы жолдың бастамасына түскеніме өте қуаныштымын. Себебі, кәсіптік те, ғылыми салада да өз үлесімді тигізе аламын.

- Келешек «Болашақтықтар» үшін не тілейсіз?

- Мен үшін «Болашақ» және «Болашақтықтар» өте жақын мәнге ие. Осы орайда Ел Президенті Нұрсұлтан Назарбаевқа үлкен алғыс айтқым келеді.

Болашақтықтарға үлкен кеңес бергім келеді, оқыңдар, ізденіңдер, талпыныңдар, жетіліңдер. Патриоттық сезімді дамытып, тарихтарыңды жете біліп, елдің дамуына үлес қосыңдар!




Яндекс.Метрика