Денсаулық сақтау саласындағы негізгі басымдықтар

Денсаулық сақтау министрі Маңғыстау облысындағы медицина қауымдастығымен кездесті

ҚР Денсаулық сақтау министрі Салидат Қайырбекова Маңғыстау облысының Жаңаөзен мен Ақтау қалаларына жасаған жұмыс сапарында өңірдің медицина қауымдастығымен кездесті. Кездесуде денсаулық сақтау жүйесінің басым мәселелері нақтыланды.
Маңғыстау29 Қараша , 15:50

Салидат Қайырбекованың айтуынша, қолға алынған шаралардың нәтижесінде Қазақстанда оң нәтижеге қол жеткізілді: халықтың орташа өмір сүру ұзақтығы артып, 70 жастан асқан. 2013 жылдың 9 айында нәресте өлімі 18 пайызға азайып, ана өлімі 24 пайызға төмендеді. БҰҰ сарапшылары аталмыш саладағы статистикалық мәліметтерді растады. Скринингті өткізудің арқасында және жоғары технологиялы қондырғыларды қолданудың нәтижесінде қан айналымы ауруларынан көз жұмғандар саны 8,3 пайызға төмендеді.

Министр жоғары білікті және бәсекеге қабілетті мамандарды дайындау мәселесіне аса мән берді. Бүгінде мемлекет тарапынан сапалы білім алуға барлық жағдай жасалған. Жаңа халықаралық стандарттарға сай келетін білім беру жүйесінің талаптары енгізілген. Оқытушылық-профессорлық құрамның әлеуеті арттырылған. ЖОО мен клиникаларда заманауи қондырғылар орнатылып, тәжірибе орталықтары ашылған.

Соған сай мамандарға деген талап та күшейген. Білім деңгейін, тәжірибедегі жастар мен білікті мамандардың шеберлігін бағалаудың тәуелсіз республикалық орталығы құрылды. Осыған орай министр барлық медицина қызметкерлерінің әрқашан біліктілігін арттыру мен өзін өзі жетілдіруге шақырды.

Кездесу барысында еліміздің бас дәрігері кадр тапшылығы мәселесін шешу жолында қандай шаралар қолға алынып жатқанын айтып берді. Сонымен қатар, жергілікті атқарушы органдарға жұмыспен қамтуды қолға алуды тапсырды. Бұған қоса ауылдық жерлердегі инфрақұрылымды дамыту, жас мамандарға әлеуметтік көмек көрсету, үймен қамту мәселелері де назардан тыс қалмады.

Кездесу соңында министр халықтың денсаулық сақтау саласына қатысты түйіткілді мәселелерге қатысты сұрақтарына жауап берді.




Яндекс.Метрика