Жастарға үндеу

Н.Назарбаев: Бүгін Қазақстанда ғылымға құйылып жатқан инвестиция көлемі бұрын-соңды тарихта болмаған

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев «Болашақ» халықаралық стипендиясының мерейтойлық форумында қазіргі кезде экономикалық білімнің маңызы артқанын және оның өз кезегінде тиімді білім беру жүйесі мен алдыңғы қатарлы мамандар арқылы мүмкін болатынын айтты.
Астана қаласы29 Қараша , 15:51

«Біздің территориямыз кең, 280 млн абсолютті жайлауымыз бар, алайда оны қолдана алмай отырмыз. Гектарына 13 центнер астық алғанға қуанамыз. Ал көршілес Қытай болса гектарына 20-30 центнерге дейін алады. Нағыз ғылым осы. Біз осымен айналысуымыз керек. Осының барлығын қолдана білу керек. Өйткені күні ертең осы сала біздің ең бірінші экспорт көзімізге айналады», - деді Президент.

Сонымен қатар, Мемлекет басшысы қазіргі кезде экономикалық білімнің уақыты келгенін айтты. Ол негізгі дамытушы сала болатынын да мәлімдеді.

«Физика, биология, химия, математикамен өзге де салаларды дамытуымыз керек. Осы салалар инновацияға бет алуда. Сол үшін елдің креативті дамуына жағдай жасау керек. Осыған орай біз ғылымға деген инвестицияны арттырудамыз. Жаңа өндіріс ашу үшін бізге жаңа мамандар керек», - деді Н.Назарбаев.

Мемлекет басшысының айтуынша, ғылыми экономиканың дамуы тиімді білім беру жүйесі мен білікті мамандарынсыз жүзеге асыру мүмкін емес.

«Қазіргі таңда білікті мамандардың заманы келді. Олар жүрген жерде экономика да тұралап қалмақ емес. Осы тұрғыда немістің дуалды білім беру жүйесін біз де қабылдауымыз керек. Ал «Қазақстан-2050» Стратегиясын орындау әбден мүмкін, оның ешбір ақылға сыйымдылығы жоқ», - деді Елбасы.




Яндекс.Метрика