Жастарға үндеу

ҚР Президенті қазақстандықтарды толеранттылық пен үш тұғырлы тілді дамытуға шақырды

Бүгін Астанада «Болашақ» халықаралық стипендиясының мерейтойлық форумында Мемлекет басшысы барша қазақстандықтарды толеранттылық пен үш тұғырлы тіл саясатын дамытуға шақырды.
Астана қаласы29 Қараша , 15:30

«Біз өзіміздің жиырма жылдық тәуелсіздігімізде бірлігімізге сызат түсірмей, ымыра-бірлікте өмір сүрдік. Алдағы уақытта да осы бетімізден қайтпайтын боламыз. Біз көпұлтты халықпыз және осыны мақтан етеміз. Осы уақыт аралығында 130 ұлт өкілдері діни қақтығыстар, ұлттық және өзге де шиеленіскен себептер кезінде бейбіт ғұмыр кешуде. Біздің қазақтың толеранттығы, түсіністікпен шыдамдылығы – бірліктің бастауы», - деді Н.Назарбаев.

Президенттің айтуынша, мемлекеттің ішкі бірлігі халықаралық тұрақтылыққа тікелей байланысты.

«Өзге елдерді қор көре отырып өз елін артық санау мүмкін емес. Сол себепті мен үш тұғырлы тіл туралы айтамын. Қазақстан мемлекеттік тілді игеруі керек. Орыс тілі – көрші еліміздің ана тілі және БҰҰ-ның алты тілінің бірі. Осы тіл арқылы әлемдік мәдениет пен әдебиетке жеткенімізді мойындауымыз керек. Бұл тілді де ұмытуымызға болмайды. Әр тіл – адамзаттың байлығы», - деді Мемлекет басшысы.

Ағылшын тілі туралы айта кетіп ҚР Президенті бұл тілдің әлемдік аренаға шығу жолы екенін мәлімдеді.

«Әлемде жарыққа шығатын 10 млн кітаптың 85%-ы ағылшын тілінде шығады. Ғылым, даму, ақпаратты технология – барлығы да ағылшын тілінде етек жаюда. Қазақстанда 3500 шет елдік компания жұмыс істейді. Олармен біз ағылшынша сөйлесеміз, осы тіл арқылы өндіріс күшімізді көтереміз», - деді Елбасы.

 




Яндекс.Метрика