Жастарға үндеу

Елбасы «Қазақстан-2050» жалпыұлттық қозғалысын құруды ұсынды

Бүгін «Болашақ» Халықаралық степендиясының 20 жылдығына арналған форум барысында ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев «Болашақ» бағдарламасы жанынан «Қазақстан-2050» жалпыұлттық қозғалысын құруды ұсынды.
Астана қаласы29 Қараша , 15:26

«Бұл мәселені бұрыннан бері ойластырып жүрген едім, «Болашақ» бағдарламасы жанынан «Қазақстан-2050» жалпыұлттық қозғалысын құруды ұсынамын. Қолдағандарыңыз үшін рахмет», - деді Мемлекет басшысы.

Мемлекет басшысы жалпыұлттық қозғалысты бастауда жастарға деген сенімін білдірді. 

«2050 жылға дейін 37 жыл бар. Көп деп ойлайсыздар. Ол - түк емес. Кешегі фильмнен көргендерің («Лидер жолы» көркем фильмі - агенттік ескерт.) 90-шы жыл мен үшін кеше ғана болған сияқты. Өмір зымырап өтеді, «Өмір - қас қағым» деп неге айтқан ата бабаларымыз? Сондықтан, әр күндеріңізді бағалап, бекерге өткізбеңіздер», - деп жастарға кеңес берді Ұлт көшбасшысы.

Елбасы жалпыұлттық қозғалыстың қағаздағы жазылғанды халыққа жеткізу үшін ғана емес, бірлік үшін қажеттілігін атап өтті.

«Бұл («Қазақстан-2050» стратегиясы - агенттік ескерт.) қағазға ғана жазылған бағдарлама емес, ел үшін, мәңгілік үшін, отанымыз үшін, халықтың болашағы үшін, әл-ауқатын жақсарту үшін жасалып отырған деп түсіну керек. Тек қана түсініп қоймай, осыған ат салысып жұмыс істеу керек. Жалпыұлттық қозғалыс барша отандастарымызды ұлы іске жұмылдыруы қажет, қандай мақсатта жасап отырғанымызды түсінуі керек. Бұл стратегия - бүкіл халықтың мызғымас бірлігі менен зор жауапкершілігін талап ететін үлкен емтихан», - деп толықтырды өз ойын Н.Назарбаев.

 




Яндекс.Метрика