Білім беру саласындағы жұмыстың басымдықтары

Н.Назарбаев болашақтықтарды «Қазақстан-2050» Стратегиясы мен «Жалпыға бірдей еңбек қоғамының» белсенді жақтаушылары деп біледі

ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев бүгін «Болашақ» халықаралық бағдарламасының мерейтойлық форумында жастарды жұмыс істеп қиын жол таңдаудан қашпауға шақырды.
Астана қаласы 29 Қараша, 15:20

«Бүгінде жастардың жақсы өмір сүруге ұмтылғандары дұрыс. Егер жеңіске жеткің келсе өзге ешкім таңдамайтын жолды таңда дейді ғой. Ол жерде бәсекелестік болмайды», - деді Н. Назарбаев.

«Егер де кедергілерден өтсең, өздерің үшін, отбасыларың үшін жолы болғыш адам боласыңдар.  Сол кезде өздеріңнің артықшылықтарыңды сезіп, қызметтеріңді  тиімді пайдалана аласыз», - деді Президент.

Сондай-ақ, Елбасы «Болашақ» бағдарламасының түлектерін «Қазақстан-2050» Стратегиясы мен «Жалпыға бірдей еңбек қоғамының» жақтастары ретінде қарастыратынын атап өтті.

«Еңбек еткен адам әрдайым жас. Жұмыс істеуді доғарған адам 30 жылға қартаяды. Сендер еңбек еткенде барлығына үлгі болуларың тиіс. Әрбір жұмыста қадам сайын қоғамға тигізер үлесті айқындап отыру қажет», - деді Елбасы жастарға үндеу сөзінде. 





Яндекс.Метрика