Жаһандық қауіпсіздікті нығайтуға үлес қосу

ҚР Президенті «Қазіргі заманғы әлемдегі ядролық қауіпсіздік. Ядролық қарусыздану және таратпау үдерістерінде парламентарилердің рөлі» атты халықаралық конференцияның қатысушыларына үндеу жасады

Санкт-Петерборда «Қазіргі заманғы әлемдегі ядролық қауіпсіздік. Ядролық қарусыздану және таратпау үдерістерінде парламентарилердің рөлі» атты халықаралық конференция өз жұмысын бастады. Оның ұйымдастырушылары ҚР Парламент Мәжілісі мен БҰҰ Парламентаралық ассамблеясы, деп Мәжілістің баспасөз қызметі хабарлады.
Астана қаласы29 Қараша , 17:20

«Таврикалық сарайға әлемнің 20 елінен 500 шетелдің қонақ жиналды. Оның құрамында белгілі парламентарилер, халықаралық ұйымдардың жетекшілері, ядролық қауіпсіздік бойынша  сарапшылар мен ғалымдар бар», - делінген хабарламада.

Конференцияға қатысушыларға ҚР Президенті өз сәлемін жолдады. Пленарлық отырыс барысында оны Мәжіліс төрағасы Нұрлан Нығматуллин баяндады.

«Қазақстан – әлемде ядролық қарудан жәбір көрген аз елдердің бірі. Біздің жерде 500 ядролық жарылыс жүзеге асты. Радиацияның кесірінен  мың жарым млн адам жапа шекті. Сондықтан да біз ядролық әлем туралы халықаралық «АТОМ» жобасын ұсындық. Қазақстанның үлгісі бүгінгі таңда өте өзекті, себебі жаһандық жойып жіберу күшіне ие қаруын алдын алу қажет. Бұл орайда барлық ел парламенттерінің ат салысқаны керек», - деді өз үндеуінде Елбасы.

Мемлекет басшысы парламентарилер әлемдік антиядролық қозғалыстың қозғаушы күші атанатына сенім білдірді. 




Яндекс.Метрика