Жастарға үндеу

2016 жылға таман халықтың ЖІӨ 20 мың долларды құрайды – Н. Назарбаев

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев «Болашақ» бағдарламасының мерейтойлық форумында 2015-2016 жылға таман халықтың ЖІӨ 20 мың долларды құрайтындығын айтты.
Астана қаласы29 Қараша , 15:04

«Біз экономикамыздың дәрежесін 16 есеге көтердік. Мен 2015-2016 жылға қарсы Қазақстан халқының ЖІӨ 20 мың долларға жетеді деп ойлаймын. Бұл орташа дамыған елдердің көрсеткіші» - деді Елбасы.

«Қалтасында ұлттық валюта теңгені енгізуге қаражаты болмаған мемлекеттің енді 100 млрд доллар қоры бар. Бұл рекордтық ауқым. Сарапшылардың пікірінше, 30 дамыған елдің қатарына қосылу үшін бізде халық ЖІӨ 60 мың долларды құрайы тиіс. Осыған жету үшін біз экономиканың тұрақты дамуын қадағалауымыз керек», - деді Н. Назарбаев.

Қазақстанда экономикалық өсімді сақтап тұру үшін жетекші мамандықтар жүзеге асырылуда, әсіресе техникалық мамандықтар, биотехнология, медицина салаларына көңіл бөлінуде.

«Барлығымыз 20 жыл бойы атқарған қызметіміз біздің жастарымызға жарқын болашақтың қамтамасыз етілуі. Сіздер күн сайын елідің тәуелсіздігін қамтамасыз ету жолын ойлағандарыңызды қалаймын. Бұл біздің халықтың ұзақмерзімді арманы», - деді Мемлекет басшысы. 




Яндекс.Метрика