Жаңа қазақстандық патриотизм

Қазақстандықтар табиғи байлықтарын мақтан тұтады

Қазақстан – Еуразиядағы ең ірі табиғи өңірлердің бірі. Мұндағы табиғат өзіндік ерекшеліктерге толы. 1866 жылы зерттеуші И.В.Мушкетов Орта Азия мен Қазақстанды «өз алдына бөлек материк» ретінде сипаттаған. Қазақстан табиғаты адамды таң қалдырмай қоймайды. Соның нәтижесінде осы жерден ұлы ақындар мен сазгерлер, суретшілер түлеп шығып, тамаша өнер туындыларын қалдырды. Әр қазақстандық Бурабайды, Каспий теңізін, Іле Алатау шыңдары мен Алтайды мақтан тұтады. Мұның барлығы елдің бетке ұстар байлығы.
Астана қаласы 29 Қараша, 14:42

Елдің солтүстік шекарасы мен оңтүстік шекарасы арасындағы 1800 шақырымдық кең байтақ далада орман да, жазық дала да, жартылай шөлейтті жер де, шөлейт те бар.

Қазақстанның батысында Каспий теңізі болса, елдің шығысы Өр Алтайға барып тіреледі. Ал оңтүстігінде ақ бас Алатау бар.

Елдің ең төменгі жері Қарақия ойпаты Маңғышлақ жартыаралында (теңіз деңгейінен 132 метр төмендікте), ал ең биік жері Хан Тәңірі шыңы теңіз деңгейінен 7000 метр биіктікте жатыр.

Үш ірі өзен Ертіс, Тобыл мен Есіл Солтүстіктік мұзды мұхитқа барып құяды. Ал қалған өзендер іштегі Каспий, Арал, Балқаш өзендеріне құяды немесе шөлейтті далаға сіңіп кетеді.

Елдің батыс жағы негізінен жазық дала болып келеді. Ал шығысы керісінше қыратты. Атап айтар болсақ олар Тянь-Шань, Алтай, Тарбағатай, Сауыр, Көкшетау таулары.

Қазақстан аумағында шамамен 6 мыңдай өсімдік түрі бар. Ал құс түрлерінің саны жобамен 500. аңдардың 178 түрі, 12 қосмекенді, 107 балық түрі осы кең байтақ жерде бар.

Солтүстік Тянь-Шань қыраттары жасыл шыршамен көмкерілген. Ал батыс жағы аршалы болып келеді. Сонымен қатар, ағашы мол орманды. Ал таудың ұшақ басы мәңгі қарлы.

Осы өңірден барысты, тау аюын, тау ешкісі мен арқарды, басқа да сұтқоректі жануарларды және тау ұларын, бүркіт пен өзге де түрлі құстарды кездестіруге болады.

Қазақстанның кең байтақ жазиралы даласы да өз алдына бөлек құндылық. Ондағы баяу аққан өзен мен шағын көлдер де дала табиғатының әсемдігін арттырады. Бұл аймақтарда құстардан үйрек пен қаз аққу мен шағалалар мол. Теңіз өзені мен Орталық Қазақстан өңірінде қоқиғаз көптеп ұшырасады, сол үшін аталмыш өңірде Қорғалжын қорығы құрылған.





Яндекс.Метрика