Мемлекеттілікті одан әрі нығайту және қазақстандық демократияны дамыту

Нұрсұлтан Назарбаев посткеңестік кеңістіктегі заманауи интеграцияға халықаралық-саяси үн мен жаңа импульс берді – А.Спицын

Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы мемлекеттік басқару академиясында белгілі ресейлік ғалым Анатолий Спицын «Әлемдік экономканың жаңа моделін қалыптастыру мен қоғамның әлеуметтік жаңғыруындағы Н.Ә.Назарбаевтың стратегиялық бастамалары» тақырыбында магистранттар, докторанттар мен оқытушы-профессорлық құрамға мемлекеттік мереке – Қазақстан Республикасның Тұңғыш Президенті Күнініне арналған лекция оқыды, деп хабарлайды Академияның баспасөз қызметі.
Астана қаласы29 Қараша , 14:40

Анатолий Тихонович  Спицын –экономика ғылымдарының докторы, Ресей Федерациясы Президенті жанындағы халық шаруашылығы және мемлекеттік қызмет академиясының профессоры, Ресей жаратылыстану академиясының академигі, ЕурАзЭК (Мәскеу) стратегиялық интеграциялық зерттеу институтының директоры, Еуразия оқымыстылар клубы (Астана) бірінші вице-президенті.

«Өз сөзінде Спицын Назарбаевтың В.И.Вернадскийдің ғылыми теориясы контексіндегі қоғамның жаһандық трансформациясы пирамидасы ретінде әлемдік экономиканың тиімді моделін қалыптастырудағы стратегиялық бастамаларына, VI Астана экономикалық форумы мен БҰҰ Дағдарысқа қарсы конференциясына талдау жасады», - делінген хабарламада.

А.Спицын ҚР Тұңғыш Президентінің саяси жетістіктеріне кеңінен тоқталды. Оның айтуынша, Нұрсұлтан Назарбаев қазіргі заман саясаткерлерінің көрнекті өкілі. Оның беделі тек ел ішінде ғана көтерілмей, шет елдер мен халықаралық ареналарда мойындалуда.

Сонымен қатар, ғалым Мемлекет басшысының саяси көрегендігін, әмбебап көсемдігін алға тартып, елдің экономикалық өрлеуі мен қоғамдағы демократиялық құндылықтардың етек жаюны қосқан елеулі еңбегін жоғары бағалады.

«Еуразиялық идеяны «қоғамдық жобаға» айналдыра отырып, қазіргі жағдайға ыңғайлап, Назарбаев посткеңестік кеңістікте заманауи интеграцияның халықаралық-саяси үні мен жаңа дем берді. Еуразиялану тәжірибесі өңірдегі елдердің ғасырларға жалғасатын ірі жобасы. Стратегиялық бағыты. Мұны аз уақытта іске асыра білуде ҚР Мемлекет басшысының үлесі зор», - деді А.Спицын.




Яндекс.Метрика