Жастарға үндеу

«Болашақ» бағдарламасы жетістігінің бірі - ҚР-да кардиохирургияның дамуы - Н. Назарбаев

Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев бүгін «Болашақ» халықаралық стипендиясының мерейтойлық форумында еліміздегі кардиохирургияның дамуы «Болашақ» бағдарламасының бірден бір жемісі екенін айтты.
Астана қаласы29 Қараша , 13:36

«Бұл «Болашақ» бағдарламасының халыққа тигізген нақты пайдаларының бірі. 2008 жылы жүрекке ота жасату үшін 10 мың адам кезекте тұратын. Біз бар болғаны 800-900 ота жасай алдық. Ал қалтасы көтере алғандар шет елдерге кетуге мәжбүр болды. Сол кездері кісі өліміне ең көп себеп болатын да осы жүрек-қан тамыр аурулары еді», - деді Елбасы.

Оның айтуынша, елімізде медициналық мекемелер мен заманауи қондырғыларды орнатудың  арқасында 40 мыңдай операция жасалған.

Мемлекет басшысы «Болашақ» бағдарламасы түлектерінің бірі кардиолог дәрігер Дмитрий Горбуновты мысалға келтірді, ол бүгінге дейін шамамен 1700 сәтті ота жасаған.

Өз кезегінде Д.Горбунов Мемлекет басшысына шет елде білім алу мүмкіндігін бергені үшін алғыс айтты.

Болашақтықтың айтуынша, Ұлттық кардиохирургия орталығында 13 болашақтық еңбек етуде. Олардың 5-еуі кардиохирург болып жұмыс істейді.

 




Яндекс.Метрика