Инфрақұрылымды дамыту

2015 жылдан бастап ККМ жүгі артық карьерлік автокөліктердің жалпы жолдарға шығуына тыйым салады

2015 жылдан бастап карьерлік автокөлік құралдарының иелері жүгі артық тиелгенде жалпы пайдалану жолдарында жүріп өту үшін арнайы рұқсаттаманы жасай алмайды, деп Көлік және коммуникация министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.
Астана қаласы29 Қараша , 12:49

«ҚР территориясы бойынша ірі габаритті және (немесе) ауыр салмақты автокөлік құралдарын тасымалдау құқығы тек қана арнайы рұқсаттама болғанда мүмкін екені мәлім. Автокөлік құралының салмағы артқан жағдайда тасымалдаушы жол бетіне нұқсан келтіргені үшін өтемақы ретінде сәйкес алымды төлеу қажет. Сонымен бірге оны бермеу мүмкіндігі де жоқ емес. Арнайы рұқсатсыз өткені үшін тасымалдаушыға айыппұл салынады», - делінген хабарламада.    

ҚР ККМ Көліктік бақылау комитеті төрағасы Асет Асавбаевтың айтуынша  карьерден жүкті тасымалдаушылар салмақ параметрлерін басқаларына қарағанда жиірек бұзады. 

«Үш білікті самосвалдың жүк арту салмағының мүмкін мөлшері 25 тонна, ал оған 30 немесе одан да артық 40 тоннаға дейін жүк тиейтін жағдайлар болып жатады. Нәтижесінде жолтабандар пайда болып, жолға келтірілген нұқсан тасымалдаушының артық салмақ үшін төленетін ақы төлемімен өлшемсіз. Сондықтан жүгі артық карьерлік машиналарға жалпы пайдаланудағы жолдарға шығуға 2015 жылдан бастап тыйым салынады» деп хабарлады ол.

Қазіргі уақытта Қазақстанда ауыр салмақты автокөлік құралдарының оқшау карьерлік жүктерді тиеп жүріп өтуінен республикалық маңыздағы жолдардың 5 мың км  астамы және жергілікті маңыздағы жолдардың 5 мың км күйзеліске ұшырайтынын белгілеген жөн.   

Қазақстанда барлығы оқшау материалдар 1000-нан көп емес карьерлерде өндіріледі, ал оларды тасымалдауда іске қосылған автокөлік құралдарының саны 13,5 мың бірліктен артады.

 

 

 

 

 

 




Яндекс.Метрика