Шағын және орта бизнесті дамыту

Қазақстанда отандық кәсiпкерлер шетелдiк компанияларға қарағанда ұжымдық әлеуметтiк жауапкершiлiк жайында аз бiледi - зерттеу

Қазақстанда отандық кәсiпкерлер шетелдiк компанияларға қарағанда ұжымдық әлеуметтiк жауапкершiлiк жайында аз бiледi. Мұндай қорытынды бүгiн Астанада "Қазақстандағы ұжымдық әлеуметтiк жауапкершiлiк: ахуал, мәселелер және даму әлеуетi" атты зерттеудiң таныстырылымы барысында айтылды.
Казахстан18 Шілде , 00:00

Аталмыш зерттеу "Санжд" орталығымен биылғы жылдың сәуiр-мамыр айында өткiзiлдi. Нидерланды Корольдiгi Елшiлiгiнiң қаржылық көмегiмен ұйымдастырылған зерттеу барысында iрi, орта және кiшi бизнестiң 189 респондентi қатысты.

"Қазақстандық компаниялар (респонденттердiң 61 пайызы) ұжымдық әлеуметтiк жауапкершiлiк жөнiнде шетел кәсiпорындарына (80 пайызы ақпараттанған) қарағанда және бiрлескен жоба өкiлдерiмен салыстырғанда (74 пайызы) ең аз ақпараттанғандығын атап өткен жөн", - делiнген зерттеу есебiнде.

Есепте атап көрсетiлгенiндей, ҰӘЖ-ге, әсiресе, кiшi бизнесте үлкен мән берiле бермейдi. Мәселен, ұжымдық әлеуметтiк жауапкершiлiк жайында iрi бизнестiң 100 пайызы, орта кәсiпкерлiктiң 70 пайызы, ал кiшi бизнес өкiлдерiнiң 47 пайызы ақпараттанған.




Яндекс.Метрика